СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!
Әлемдегі заңсыздықтың көбеюі. Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?
Қарулы қарақшылар Гаитиді басып алды. Оңтүстік Африкада және Мексика сияқты Латын Америкасының басқа да елдерінде қатыгездік өршіп барады. Тіпті қатыгездік кең етек жаймаған елдердің өзінде де мүліктік қылмыс туралы жаңалықтар адамдардың тынышын ұрлап, үрейін ұшырып жатыр.
Киелі кітапта әлемде орын алып жатқан заңсыздық жайлы не делінген?
Жержүзін заңсыздық жайлайтыны алдын ала айтылған
Киелі кітапта “осы заманның аяқталып қалғанының” белгісінің бірі заңсыздықтың көбеюі екені алдын ала айтылған (Матай 24:3). Ақырзаманның белгісі туралы айтқанда, Иса Мәсіх былай деген:
“Заңсыздық көбейіп кеткендіктен, көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді” (Матай 24:12).
Сондай-ақ Киелі кітапта “соңғы күндері” адамдар “ұстамсыз, қатыгез, жақсылықты жек көретін... болады” деп айтылып кеткен (Тімөтеге 2-хат 3:1—5). Адамдардың осындай жағымсыз қасиеттерінің кесірінен қазіргі заманда қайда қарасаң да заңсыздық орын алып жатыр.
Бірақ сонда да жақсылыққа үміттенуге толық негіз бар. Киелі кітапта не делінгенін қараңызшы:
“Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады, Тұрған жерлеріне қарайсың, Бірақ оларды еш таппайсың. Ал момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).
Киелі кітаптағы үміт жайлы және қазір болып жатқан оқиғалар пайғамбарлықтардың орындалып жатқанын дәлелдейтінін көбірек білу үшін келесі мақалаларды оқып көріңіз:
“Ақырзаманның белгісі қандай?”
“Киелі кітапта адамдардың мінез-құлқы қандай болатыны алдын ала айтылған ба?” (ор.).