“СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!”
Ұлтаралық теңдік орнайтын күн туа ма? Киелі кітапта не делінген?
Көп адамның ойынша ұлттар арасындағы теңдік — қол жеткізбес арман.
“Ұлтшылдық у сияқты. Ол түрлі ұйымдарға, әлеуметтік топтар мен адамның күнделікті өміріне орасан зор зақым келтіруде. Соның кесірінен адамдар әділетсіздік көріп жатыр” (Антониу Гутерреш, БҰҰ-ның Бас хатшысы).
Күндердің бір күнінде ұлтаралық теңдік орнай ма? Бұл туралы Киелі кітап не дейді?
Құдайдың көзқарасы қандай?
Киелі кітаптан Құдай әртүрлі ұлт адамдарына қалай қарайтынын білуге болады.
“Бүкіл жер бетін мекендесін деп, ол бір адамнан күллі халықтарды шығарды” (Елшілердің істері 17:26).
“Құдай ешкімді алаламайды. Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады” (Елшілердің істері 10:34, 35).
Киелі кітапта адамзат бір үлкен отбасы екені әрі Құдай кез келген ұлттан шыққан адамды қабылдайтыны айтылған.
Ұлтаралық теңдік қалай орнайды?
Ұлттар арасындағы теңдік көктегі үкімет Құдай Патшалығының қол астында орнайды. Бұл Патшалықтың азаматтары бір-біріне әділдікпен қарауды үйренетін болады. Осылайша олар ұлтшылдықтан толық арылады.
“Жердің тұрғындары әділдік жасауды үйренеді” (Ишая 26:9).
“Шынайы туралықтың нәтижесі тыныштық, Шынайы туралықтың жемісі мәңгі жайбарақаттық пен қауіпсіздік болады” (Ишая 32:17).
Бүгінгі күннің өзінде миллиондаған адам Киелі кітаптағы тәлімдердің арқасында барлық адамға, қай ұлттан шықпасын, құрмет танытуды және олардың қадір-қасиетін түсірмеуді үйреніп жүр.
Көбірек білу үшін “Ояныңдар!” журналының “Алалауды алып жығар ем бар ма?” деп аталатын санын оқып көріңіз.
Ата-аналар балаларымен ұлтшылдық туралы қалай сөйлессе болады? “Балалармен ұлтшылдық туралы сөйлесу” (ор.) деген мақаланы оқыңыз.