Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Жер планетамыздың жағдайы ауыр. Киелі кітапта не делінген?

Жер планетамыздың жағдайы ауыр. Киелі кітапта не делінген?

 “Жер климаттық апаттың алдында тұр. Үлкен-үлкен қалалар су астында қалады, бұрын-соңды болмаған аптап ыстық, қорқынышты дауылдар, су тапшылығы көбейеді, өсімдіктер мен жануарлардың миллиондаған түрі жойылып кетеді. Бұл айтылғандар — жай ойдан шығарылған не асыра сілтеп айтылған сөз емес. Үкіметтер энергия көзін бұрыс қолдануды қоймаса, осы апаттарға апарып соқтыратынын ғылыми деректер ашық көрсетіп отыр” (БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутеррештің сөзі, 2022 жылдың 4 сәуірінде Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының есебіне сай).

 “Ғалымдар климаттық өзгерістердің кесірінен алдағы жылдарда АҚШ-тағы 423 ұлттық қорықтың барлығы дерлік жапа шегетінін айтып дабыл қағуда. Өйткені олар күннің ысуына шыдай алмайды. Бұның салдарынан болатын апаттар Киелі кітапта айтылған апаттарды еске салады. Бұлар: өрт пен топан су, мұздықтардың еруі, теңіздің көтерілуі және аптап ыстық” (“Нью-Йорк таймс” газеті, 2022 жыл, 15 маусым).

 Қоршаған ортаның проблемалары шешіле ме? Шешілсе, кім шешеді? Киелі кітапта не айтылғанын көрейік.

Қоршаған ортаның бүлінетіні алдын ала айтылған

 Киелі кітапта Құдайдың “жерді бүлдіргендерді құртатыны” жазылған (Аян 11:18). Бұл сөздерден үш нәрсені білеміз:

  1.  1. Адамдардың әрекеттерінен жердің бүлінуін.

  2.  2. Жердің бүлінуі тоқтайтынын.

  3.  3. Қоршаған ортаның проблемаларын шешетін адамдар емес, Құдай екенін.

Жеріміздің болашағы жарқын

 Киелі кітапта: “Жер мәңгілік тұрады”,— делінген (Уағыздаушы 1:4). Демек, адамзат оны мәңгі мекен етеді.

  •    “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді” (Зәбүр 37:29).

 Жер шарымыз толықтай сауығып, қаз қалпына келеді.

  •    “Шөл мен құла түз шаттыққа кенеледі, Шөл дала қуанып, бәйшешектей жайнайды” (Ишая 35:1).