Ауру-індет. Құдай Патшалығы не істейді?
“Әлем бойынша COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдайдың аяқталғаны қауіптің беті сейілді деген сөз емес... Кезекті пандемия басталғанда, ал ол міндетті түрде болады, біз оған сақадай сай болуымыз керек” (Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, 22 мамыр, 2023 жыл).
COVID-19 салдарынан адамдардың денсаулығы мен психикасы әлі де сыр беріп жатыр. Үкімет пен денсаулық сақтау жүйесі келесі пандемияға дайын бола ала ма? Ал бүгінгі таңдағы медицина мәселелерін шешуге қауқары жете ме?
Киелі кітапта денсаулық проблемасын шешетін бір үкімет жайлы айтылған. Онда былай деп оқимыз: “Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44). Сол Патшалық немесе үкімет билік еткенде, ешбір адам: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (Ишая 33:24). Барлық адам — жас демей, кәрі демей — он екі мүшесі сау болып, аттай шауып жүретін болады (Әйүп 33:25).