Шешім
Жүктеу:
1. Жүрмін адасып,
Көре алмай жолды анық.
Тыңдап ем
Жүрегімді,
Тым кеш, қалдым алданып.
2. Дұрыс шешім
Қабылдау үшін,
Шексіз күрес жүргіземін.
Құдай Сөзі бағыт берсін.
3. Қалдым-ау шырмалып,
Бұрыс жолға бағыт алып.
Оң мен солды айыра алмадым,
Көмектесші, Құдайым.
ҚАЙЫРМАСЫ:
“Сені шын сүйемін” деп,
Келеді ол жол сілтеп.
Сенім арт барлық істе.
Қалмасын күмән іште.
4. Көп қой жолдар табысқа бастар,
Бірақ жалғыз өмір жолы бар.
Тек әрдайым қорғасаң жүректі,
Сақтайсың өміріңді.
Осы шын бақыт кілті.
5. Таңдадым өмір жолын,
Ехоба берді қолын.
Тұрса да тулап сезім,
Жар болды менің Әкешім.