4-ӘН
“Ехоба — менің Бағушым”
(Зәбүр 23)
-
1. Ехоба — менің Бағушым,
Қалмай келем ізімен.
Менің жаныма не керегін
Біледі ол шынымен.
Суы мол өріске мені,
Шөбі шүйгін алаңға,
Жетелейді әр кез қамқорлықпен,
Жүрмеймін еш алаңдап.
Жетелер әр кез қамқорлықпен,
Жүрмеймін еш алаңдап.
-
2. Тәлімің сергітер жанды,
Жолың әділ де тура.
Жетелеші есімің үшін
Дәйім осы жолыңда.
Жара салып оңалмастай,
Зиян жасар кім болсын?!
Бір өзіңмен сенімді боламын,
Бағушым да шын Досым.
Өзіңмен сенімді боламын,
Бағушым да шын Досым.
-
3. Ехоба, сенсің Бағушым,
Қолыңда бар өмірім.
Ізіңнен қалыспай келемін,
Тыныш менің көңілім.
Тірі Құдайым, өзіңе
Мен артамын зор сенім.
Қамқорлығың айнымас сезілер
Өмірімнің әр күні.
Қамқорсың, мен оны сеземін
Өмірімнің әр күні.
(Зәб. 28:9; 80:1 қараңыз.)