151-ӘН
Ол шақырады
-
1. Қас қағымда өтіп өміріміз,
Кетер будай сейіліп.
Жақынымыз озар дүниеден,
Жанарға жас үйіріп.
Көз жұмған жандар жасай ма қайта?
Берік Құдай антына:
ҚАЙЫРМАСЫ:
Шақырса, жауап қатады,
Марқұмдар қайта тұрып.
Даусын естіп Құдайдың,
Оянар, өмір дарып.
Күмән жоқ, Құдай бізді де
Жер құшсақ, тұрғызады.
Жұмақ орнаған жерде
Көруге асығады.
-
2. Өз достарын жатқан жер қойнында
Ехоба ұмытпайды.
Барлығына берер өз уағында
Бітпес күндер шырайлы.
Жер беті сонда жайқалар қайта,
Көз жасы қалып артта.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Шақырса, жауап қатады,
Марқұмдар қайта тұрып.
Даусын естіп Құдайдың,
Оянар, өмір дарып.
Күмән жоқ, Құдай бізді де
Жер құшсақ, тұрғызады.
Жұмақ орнаған жерде
Көруге асығады.
(Жох. 6:40; 11:11, 43; Жақ. 4:14 қараңыз.)