140-ӘН
Сол уақытты қарсы ал
-
1. Көз таста болашаққа,
Қайғы-мұң жоқ ол жақта.
Сенім көзбен қарашы,
Жоқ мүлде көз жасы.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор шаттықпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Көп ұзамай кез келер
Еңсеңді көтерер.
-
2. Ешкім де қартаймайды,
Жастық шақ таусылмайды.
Бәрі шалқып күледі,
Тату боп жүреді.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор шаттықпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Көп ұзамай кез келер
Еңсеңді көтерер.
-
3. Кеңінен тыныс алып,
Жүреміз асыр салып.
Құдай атын мадақтап,
Ән саламыз даңқтап.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Зор шаттықпен ән сал,
Сол уақытты қарсы ал.
Көп ұзамай кез келер
Еңсеңді көтерер.
(Әйүп 33:25; Зәб. 72:7; Аян 21:4 қараңыз.)