146-ән
Оларға жасағандарың — маған жасағандарың
-
Майланған халықтың көтерісіп жүгін
Басқа қойлар талмай қолдауда бүгін.
Мәсіх үшін қымбат олардың көмегі,
Мейірі тасып алғысын төгеді:
Қайырмасы:
“Оларға аянбай дем бергендерің —
Шындығында мені демегендерің.
Игі істерің оларға жасаған —
Игі істерің маған жасаған.
Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.
-
“Ашыққан кезімде дастарқан жайдыңдар,
Жыртығымды жамап, тірек болдыңдар”.
“Қашан біз бұлай еттік?” деп сұрағанға
Патшамыз Мәсіх жауап берер сонда:
Қайырмасы:
“Оларға аянбай дем бергендерің —
Шындығында мені демегендерің.
Игі істерің оларға жасаған —
Игі істерің маған жасаған.
Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.
-
“Патшалық хабарын уағыздап жұмыла,
Қолғабыс болдыңдар бауырларыма.
Сендерге, адал болған ұлы жамағат,
Мәңгі өмір беріп, төгем шапағат”.
Қайырмасы:
“Оларға аянбай дем бергендерің —
Шындығында мені демегендерің.
Игі істерің оларға жасаған —
Игі істерің маған жасаған.
Жақсылықтарың бұл маған жасаған”.
(Нақ. с. 19:17; Мат. 10:40—42; Тім. 2-х. 1:16, 17 қараңыз.)