Мазмұнға өту

Құдайдың үкіметі жайлы естігенсіз бе?

Құдайдың үкіметі жайлы естігенсіз бе?

Сіздің жауабыңыз:

  • Иә, естігенмін.

  • Бірінші рет естіп тұрмын.

  • Ол қандай үкімет?

КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?

“Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады” (Даниял 2:44).

“Оған... билік, даңқ пен патшалық берілді. Оның... патшалығы ешқашан жойылмайды” (Даниял 7:14).

МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

  • Бұл әділ үкіметтің игіліктерін сіз де көре аласыз (Ишая 48:17, 18).

  • Бұл үкімет жер бетін жұмаққа айналдырады, сол кезде сіз бақытты өмір кешетін боласыз (Аян 21:3, 4).

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Иә, бұған кемінде екі себеп бар:

  • Иса пайғамбар Құдайдың үкіметі, немесе патшалығы, нені жүзеге асыратынын көрсетіп кеткен. Ол өз ізбасарларына Құдайға былай дұға етіңдер деген: “Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көктегідей жер бетінде де орындалсын!” (Матай 6:9, 10). Ол осы Патшалық орнағанда, қандай жайттар орын алатынын да көрсеткен.

    Мысалы, Иса пайғамбар жерде болған кезінде ашыққандарды тамақтандырып, ауруларды сауықтырған және марқұмдарды қайта тірілткен (Матай 15:29—38; Жохан 11:38—44). Осылайша ол Құдай Патшалығының болашақ Билеушісі ретінде бұл үкіметтің өз азаматтарына қандай керемет игіліктер әкелетінін көрсеткен (Аян 11:15).

  • Дүниедегі жағдайлар Құдай Патшалығының жақында орнайтынын дәлелдейді. Құдай Патшалығы жер бетінде тыныштық орнатпас бұрын, дүниеде соғыстардың, жер сілкіністері мен ашаршылықтың белең алатынын Иса пайғамбар алдын ала айтқан (Матай 24:3, 7).

    Біз осы жайттардың болып жатқанын күнде көріп жүрміз. Ендеше Құдай Патшалығының жақында орнайтынына және оның осындай қиындықтардың бәрін біржола жоқ қылатынына сенімді болуымызға негіз бар.

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:

Құдайдың үкіметі билік еткенде, өмір қандай болады?

Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: ЗӘБҮР 37:29 және ИШАЯ 65:21—23.