2-САБАҚ
Ауызекі тілде сөйлеу
Қорынттықтарға 2-хат 2:17
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Күнделікті өмірдегідей сөйлеңіз, әрі сөздеріңіз шын жүректен шықсын.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
-
Дұға етіп, тиянақты дайындалу. Уайымға берілмей, бар ойыңызды хабарға бұру үшін көмек сұрап дұға етіңіз. Айтқыңыз келетін басты ойларды санаңызда тиянақтап алыңыз. Сөйлемдерді сөзбе-сөз оқып немесе жатқа айтып бере салмаңыз. Ойларды өз сөзіңізбен жеткізіңіз.
-
Шын жүректен сөйлеу. Айтқалы жатқан мәліметіңіз тыңдаушыларға не үшін қажет екенін ойлаңыз. Сонда тұрысыңыздан, ым-ишаратыңыз бен бет-жүзіңізден шынайылық пен достық сыңай сезіліп тұрады.
-
Тыңдаушыларға қарап сөйлеу. Егер аумағыңызда ерсі болмаса, адамның көзіне қарап сөйлеңіз. Баяндама айтып жатқанда, бір топ адамға емес, жеке-жеке адамға қараңыз.