Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16-САБАҚ

Рухты көтеретін сөздер мен оң көзқарас

Рухты көтеретін сөздер мен оң көзқарас

Әйүп 16:5

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Қиындықтарға емес, олардың шешіміне көбірек көңіл бөліңіз, әрі адамның рухын көтеретін нәрселерді айтыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тыңдаушылар жайлы оң көзқараста болу. Бауырластарыңыз Ехобаға ұнағысы келетініне шек келтірмеңіз. Тіпті кеңес беру қажет болған жағдайда, мүмкін болса, алдымен шын жүректен мақтап алыңыз.

  • Жағымсыз мәліметтерді шектеу. Тақырыбыңызды ашса ғана жағымсыз мәліметтерді қосыңыз. Айтқан сөздеріңіз, жалпы алғанда, жағымды болуы тиіс.

  • Құдай Сөзін жақсылап қолдану. Ехобаның адамзат үшін бұрын не істегеніне, қазір не істеп жатқанына және болашақта не істейтініне назар аударыңыз. Тыңдаушыларыңыздың бойына үміт пен батылдық ұялатыңыз.