Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

10-САБАҚ

Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?

Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?

Ехоба куәгерлерінің жиынына барып көргенсіз бе? Мүмкін, баруға қорқақтайтын шығарсыз. Сізге: “Бұл жиындарда не болады? Олар неге маңызды? Ол жаққа не үшін баруым керек?”— деген ой келер. Бұл сабақта осындай жиындар Құдайға жақындауыңызға және жеке сізге қалай көмектесетінін білесіз.

1. Бірге жиналуымыздың ең басты себебі қандай?

Киелі кітаптың бір жазушысы өзгелермен бас қосудың ең маңызды себебін айтып, былай деген: “Үлкен жиындарда Ехобаға мадақ айтамын!” (Зәбүр 26:12). Бүгінде де Ехоба куәгерлері осылай қуанышпен бас қосады. Дүниежүзі бойынша олар апта сайын Құдайды дәріптеу үшін, оған мадақ әндерін айтып, дұға ету үшін бірге жиналады. Бұдан бөлек, жылына бірнеше рет олар Құдайға ғибадат ету үшін үлкен жиындарға барады.

2. Жиындарымыздан не білесіз?

Біз жиындарда Құдай Сөзінен тәлім аламыз. Ол жерде Құдай Сөзі “анық етіп түсіндіріліп, мәні ашып беріледі” (Нехемия 8:8 оқыңыз). Осындай кездесулерде Ехоба туралы әрі оның көркем қасиеттері туралы көбірек білесіз. Ол сізді қатты сүйетінін білген сайын, оған жақын бола түсесіз. Сондай-ақ ол сізге мағыналы өмір сүруге қалай көмектесетінін білесіз (Ишая 48:17, 18).

3. Басқалармен араласқаныңыз сізге қандай пайдасын тигізеді?

Ехобаның Сөзінде: “Сүйіспеншілікке және игі істерге талпындыру үшін, бір-бірімізге көңіл бөлейік,.. жиналыстарға бармай қалуды әдетке айналдырмайық”,— деген нұсқау бар (Еврейлерге 10:24, 25). Жиындарымызда бір-бірін шын жақсы көретін және сіз сияқты Құдай жайлы көп білгісі келетін адамдармен танысасыз. Олардың Киелі кітаптан жігерлі ойлар айтқанын естисіз (Римдіктерге 1:11, 12 оқыңыз). Бұған қоса, қиындықтарына қарамастан жүздері жайнаған отбасылармен, жастармен әңгімелесе аласыз. Бұл — Ехоба жүйелі түрде бас қосқанымызды не үшін қалайтынының кейбір себебі ғана.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба куәгерлерінің кездесулері қалай өтетінін және оларға бару үшін күш салсаңыз, неге өкінбейтініңізді білейік.

4. Ехоба куәгерлерінің жиындары

Бірінші ғасырда Құдайдың қызметшілері ғибадат ету үшін ұдайы бас қосып тұрған (Римдіктерге 16:3—5). Қолостықтарға 3:16 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Ертедегі қызметшілер Ехобаға қалай ғибадат еткен?

Қазіргі таңда да Ехоба куәгерлері ғибадат орындарында жүйелі түрде жиналып тұрады. Олардың кездесулері қалай өтетінін білу үшін БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер. Сосын жоғарыдағы қауым кездесуінің суретіне қарап, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Патшалық сарайында өтетін кездесулер мен Қолостықтарға 3:16-ның қандай ұқсастықтарын байқадыңыз?

  • Бейнероликте не суретте кездесулерімізге қатысты сізге ұнаған тағы бір нәрсе бар ма?

Қорынттықтарға 2-хат 9:7 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба куәгерлерінің жиындарында неге ақша сұрамайды?

Тәлімгеріңізбен бірге осы аптадағы кездесулердің бірінде не талқыланатынын қараңыздар.

  • Кездесудің қай бөлігі сіз үшін қызықты не пайдалы болады деп ойлайсыз?

Біле жүріңіз

jw.org сайтынан сіз дүниежүзі бойынша кездесулер қашан және қай жерде өтетінін біле аласыз.

  1. A. Кездесулерімізде баяндамалар оқылып, көріністер мен видеолар көрсетіледі. Әнмен және дұғамен басталып, аяқталады

  2. Ә. Бағдарламаның кейбір бөлігінде тыңдаушылар түсініктеме береді

  3. Б. Есік бәріне ашық: отбасыларға да, жастарға да, қарттар мен балаларға да

  4. В. Кездесулеріміз тегін. Ехоба куәгерлері ешқандай ақша жинамайды

5. Жиындарға бару үшін күш салу қажет

Исаның отбасының мысалын қарастырайық. Жыл сайын болатын жиынға қатысу үшін оларға Назарет қаласынан Иерусалим қаласына дейін таулы өңірмен 100 шақырымдай жол жүру керек болатын. Лұқа 2:39—42 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Сіздіңше, Иерусалимге жасалған бұл сапарға күш салу керек болды ма?

  • Сізге кездесулерге баруға не кедергі болуы мүмкін және оны қалай жеңе аласыз?

  • Бұл күш салуыңызға тұрады деп ойлайсыз ба және неге?

Киелі кітап Ехобаға ғибадат ету үшін бірге бас қосудың өте маңызды екенін айтады. Еврейлерге 10:24, 25 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Қауым жиналысына не үшін жүйелі түрде барғанымыз дұрыс?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Бір жерге барудың қажеті қанша? Киелі кітапты үйде-ақ зерттеуге болады ғой”.

  • Ехоба не қалайтынын Киелі кітаптағы қай тармақтан я мысалдан көруге болады?

ТҮЙІНДЕМЕ

Жиындарға барғаныңыз Ехоба туралы көбірек білуге, онымен достығыңызды нығайтуға және оған өзгелермен бірге ғибадат етуге сеп болады.

Қайталау

  • Неге Ехоба бізді бірге бас қосуға шақырады?

  • Ехоба куәгерлерінің кездесулерінде сіз не білесіз?

  • Бұл кездесулердің сізге тағы қандай пайдасы тиеді деп ойлайсыз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Жиынға баруға қорқасыз ба? Осындай күй кешкен бір кісі қауым кездесулерін қалай жақсы көріп кеткенін біліңіз.

“Бізді қалай қарсы алғандарын ешқашан ұмытпаспыз!” (4:16)

Бір жас жігітке неге қауым ұнағанын және онда барып тұру үшін не істегенін біліңіз.

“Маған кездесулер қатты ұнады!” (4:33)

Бұзақылар тобының мүшесі болған бір ер адам Ехоба куәгерлерінің кездесуіне барғаннан кейін өмірін қалай өзгерткені туралы оқып көріңіз.

“Мен үнемі өзіммен тапанша алып жүретінмін” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2014)