Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

11-САБАҚ

Неге біз үлкен жиындарда бас қосып тұрамыз?

Неге біз үлкен жиындарда бас қосып тұрамыз?

Мексика

Германия

Ботсвана

Никарагуа

Италия

Суреттегі адамдардың жүздері неге жайнап тұр? Өйткені олар Ехоба куәгерлерінің конгресіне келген. Ежелде Құдайдың қызметшілері жылына үш рет жиналып тұру керек болатын. Бүгінгі күні біз де жылына үш рет өтетін жиындарымызды асыға күтеміз (Мұсаның 5-жазбасы 16:16). Бұл жиындарға жылына екі рет болатын бір күндік аудандық конгресс және үш күндік аймақтық конгресс жатады. Мұндай жиындардың біз үшін қандай пайдасы бар?

Бауырластығымыз нығаяды. Исраилдіктер “үлкен жиындарда” Ехобаға мадақ айтып, зор қуанышқа кенелетін. Өзгелермен бірге бас қосып, Құдайға ғибадат еткеніміз бізге де зор қуаныш әкеледі (Зәбүр 26:12; 111:1). Конгрестерге басқа қауымнан, қаладан, тіпті басқа елден келген бауырластармен танысып, араласудың керемет мүмкіндігі туады. Түскі үзілісте конгресс өтетін жерде өзгелермен бірге тамақтанып, әңгіме-дүкен құрғанымыз рухани тойымызды көркейте түседі (Елшілердің істері 2:42). Біз осындай жиындарда дүниенің төрт бұрышындағы “барлық бауырластарды” біріктіретін сүйіспеншілікті сезінеміз (Петірдің 1-хаты 2:17).

Рухани өсуге көмектеседі. Жиындарда исраилдіктерге Жазбалардан тәлім берілетін. Ал олар “өздеріне айтылған сөздердің мәнін түсініп”, мұның көп пайдасын көретін (Нехемия 8:8, 12). Біз де конгрестерде берілетін Киелі кітапқа негізделген нұсқауларды зор қуанышпен қабыл аламыз. Конгрестің барлық бөлімі Киелі жазбаларға негізделеді. Қызықты баяндамалар мен көріністерден Құдай еркін қалай орындау керектігін үйренеміз. Бауырластардың осы қиын-қыстау күндері Құдайдың талаптарына сай өмір сүруге тырысқандары үшін қандай қиындықтарға кезіккендері және оларды қалай жеңгендері жайлы әңгімелерін естіп, жігерленеміз. Аймақтық конгресте көрсетілетін фильмдер Киелі кітаптағы оқиғаларды жандандырып, солардан қандай сабақ алатынымызды көруге көмектеседі. Өмірлерін Құдайға бағыштағанын көрсеткісі келетіндер үшін әр конгресте шомылдыру рәсімі өтеді.

  • Неге біз конгреске барудан көп қуаныш аламыз?

  • Конгреске барудың сіз үшін қандай пайдасы бар?