Әйүп 9:1—35

  • Әйүптің жауабы (1—35)

    • Пенде Құдаймен өштесе алмайды (2—4)

    • “Ол адам ақылы жетпес істер жасайды” (10)

    • Пенде Құдаймен сөз таластыра алмайды (32)

9  Әйүптің жауабы мынау болды:   “Мұның солай екенін білемін. Бірақ Құдаймен арыздасқан пенде әділ бола ала ма+?   Біреу онымен сөз таластырғысы келсе+,Оның мың сұрағының біреуіне де жауап бере алмас еді.   Ол асқан дана, құдіреті де зор+,Оған қарсы келген адам аман қала ма+?   Құдай тауларды орнынан жылжытады, қаһарлана төңкеріп те тастайды,Адамдар мұны білмей де қалады.   Жерді сілкіндіріп, орнынан жылжытады,Негіздеріне дейін шайқалтады+.   Бұйрық етсе, күн нұрын төкпейді,Әмір етсе, жұлдыздар сәулесін шашпайды+.   Көкті өзі-ақ жайып жібереді+,Теңіздің алып толқындарының үстімен жүреді+.   Ол Аш, Кесил, Кима шоқжұлдыздарын*+,Оңтүстік аспаннан көрінетін шоқжұлдыздарды да жаратты. 10  Ол ұлы да адам ақылы жетпес+,Санын да ешкім есептеп бітпес кереметтер жасайды+. 11  Жаныма келсе де, мен оны көре алмаймын,Қасымнан өтсе де, байқай алмаймын. 12  Ал егер ол бірдеңені тартып алса, кім оған қарсылық білдіре алады? “Не істеп жатырсың?” деуге кімнің дәті барады+? 13  Құдай қаһарын қайтармайды+;Рахабтың*+ өрен-жарандары да оған бас иеді. 14  Ендеше мен сөйлескенде,Аузымды ашып, онымен сөз таластырғанда, мейлінше абай болуым керек қой! 15  Туралық мен жақта болса да, оған қарсы келмей+,Соттаушымнан* рақым етуін ғана жалбарынып сұрауым керек қой! 16  Шақырсам, ол жауап бере ме? Үніме құлақ саларына күмәнім бар. 17  Өйткені ол мені алай-түлей дауылмен күйретіп,Жараларымды еш себепсіз көбейтіп жатыр+. 18  Жанымды қасіретке толтырып,Демімді алуға да мұрша бермейді. 19  Егер әңгіме күште болса, әрине, ол бәрінен күшті+,Мәселе әділдікте болса, ол: —Мені жауапқа тарта алатын кім бар?— дейді. 20  Туралық мен жақта болса да, өз аузым мені айыптар еді,Тіпті мінсіздігімнен таймасам да, ол мені кінәлі деп табар еді. 21  Кінәратсыз болсам да, өз-өзіме сенімді емеспін,Өз өмірімнен өзім жерідім. 22  Еш айырмашылық жоқ екен.Сондықтан да: —Ол зұлымды жойғандай, мінсізді де жояды,— дедім. 23  Егер сел болып, жұрт қырылса,Ол кінәсіз жанның қасіретке ұшырағанын келеке етіп күлер еді. 24  Ол Жерді зұлымның қолына берген+,Ондағы төрешілердің көздерін жауып қойған. Мұны ол істемегенде кім істеді? 25  Өмірім шабарманнан да жылдам зулап өтіп жатыр+,Еш жақсылық көрмей, ғұмырым зымырап өтіп жатыр. 26  Күндерім қамыс қайықтай жүйіткіп,Жемтігіне шүйліккен қырандай ағып барады. 27  “Наразылығымды ұмытып,Жүзімді өзгертейін, жайдары болып көрейін” десем де, 28  Бәрібір бар қасіретімнен бойымды үрей билер еді+. Білемін, сен мені кінәсіз деп таппас ең. 29  Мен бәрібір кінәлі екенмін,Онда несіне жанталасамын+? 30  Еріген қардың суына шомылып,Қолымды сабындап жусам да+, 31  Сен мені шұңқырға түсірер ең,Сонда тіпті үстімдегі киімім де менен жиренер еді. 32  Себебі сауалдарыма жауап беретіндей,Бізбен бірге сотқа баратындай, ол — мен сияқты пенде емес+. 33  Арамызға түсіп, төрелік айтар,Екеумізге де қолын қояр адам баласы жоқ. 34  Егер ол мені сабауын қойып,Үрейімді ұшыруын доғарса+, 35  Оған батыл тіл қатар ем,Өйткені мен жасқана сөйлейтін адам емеспін.

Сілтемелер

Мұнда Жетіқарақшы, Үшарқар-Таразы шоқжұлдыздары және Торпақ шоқжұлдызындағы Үркер жұлдыз шоғыры жөнінде айтылып тұрса керек.
Мүмкін: “Сот ісіндегі қарсыласымнан”.