Қолостықтарға 3:1—25

  • Ескі және жаңа болмыс (1—17)

    • Күнәкар бейімділіктерді өлтіріңдер (5)

    • Сүйіспеншілік толықтай біріктіреді (14)

  • Мәсіхші отбасыларға берілген кеңес (18—25)

3  Сендер Мәсіхпен бірге тірілтілген болсаңдар+, көктегі нәрселерге ұмтылыңдар. Мәсіх көкте, Құдайдың оң жағында отыр+.  Жердегі емес+, көктегі нәрселерді ойлаңдар+.  Өйткені сендер өлдіңдер, әрі өмірлерің Құдаймен бірліктегі Мәсіхтің қолында.  Бізді өмірге жеткізетін Мәсіх+ көрінгенде, сендер де онымен бірге салтанатты ұлылықпен көрінесіңдер+.  Сондықтан топырақтан жаралған дене мүшелеріңнен туындайтын азғындық*, арам істер, нәпсіқұмарлық+, зиянды құмарлық және пұтқа табынушылық болып табылатын ашкөздік сияқты бейімділіктеріңді өлтіріңдер+.  Өйткені осылар үшін Құдайдың қаһары төніп тұр.  Кезінде сендер де осындай істермен айналыстыңдар+.  Ал енді ашу, ызақорлық, жамандық+, қорлық сөздер+ сияқты нәрсенің бәрінен арылыңдар. Ауыздарыңнан әдепсіз сөз+ де шықпасын.  Бір-біріңе өтірік айтпаңдар+! Ескі болмыстарыңнан іс-әрекеттерімен қоса арылып*+, 10  тура білім арқылы Жаратушының кейпіне сай+ жаңарып жатқан жаңа болмысқа ие болыңдар*+. 11  Бұл жерде грек* не яһуди, сүндеттелген не сүндеттелмеген, жатжерлік не скиф*, құл не ерікті адам деген жоқ, қайта, барлығы және бәрінде — Мәсіх+. 12  Сондықтан Құдай таңдаған+, қасиетті де сүйікті адамдар ретінде жанашырлық+, мейірімділік, кішіпейілділік+, жұмсақтық+, шыдамдылық+ сияқты қасиеттерге бөленіңдер*. 13  Әлдекімнің біреуге ренжуге себебі болса да+, өзара төзімді болып, бір-біріңді кеңпейілмен кешіріңдер+. Ехобаның өздеріңді кеңпейілмен кешіргеніндей, сендер де солай етіңдер+. 14  Бұған қоса, сүйіспеншілікке бөленіңдер+, өйткені ол адамдарды толықтай біріктіреді+. 15  Жүректеріңде Мәсіхтің тыныштығы билік етсін+, өйткені сендер осы тыныштыққа бір денені құрау үшін шақырылдыңдар. Сондай-ақ әрдайым алғыс білдіріңдер. 16  Мәсіхтің сөзі бойларыңа орнығып, даналықтарың молая берсін. Зәбүр жырлары+, мадақтау өлеңдері және ризашылыққа толы рухани әндермен үнемі бір-біріңе тәлім беріп, жігерлендіріңдер. Ехобаға шын жүректен ән айтыңдар+. 17  Не айтып, не істесеңдер де бәрін Иеміз Исаның атымен істеп, әрі сол арқылы Құдай Әкеге алғыс айтыңдар+. 18  Әйелдер, Иемізбен байланыстағы сендер күйеулеріңе бағыныңдар+. 19  Күйеулер, әрдайым әйелдеріңді сүйіңдер+, оларға кәрлеріңді төкпеңдер*+. 20  Балалар, әрдайым ата-аналарыңа мойынсұныңдар+, өйткені бұл Иемізге ұнайды. 21  Әкелер, балаларыңның көңілі түспеуі үшін, оларды ызаландырмаңдар+. 22  Құлдар, әрдайым қожайындарыңа мойынсұныңдар+. Мұны, адамдарға жағынғысы келетіндер сияқты, олар бақылап тұрғанда ғана емес, шын жүректен әрі Ехобадан қорқып істеңдер. 23  Қандай іс болмасын, адамдар үшін емес, Ехоба үшін істегендей жан-тәндеріңмен істеңдер+. 24  Өйткені бұл үшін сый ретінде Ехобадан мұра алатындарыңды білесіңдер ғой+. Қожайындарың Мәсіхке құл болып қызмет етіңдер. 25  Жамандық жасайтын адам ісіне сай қарымтасын алады+, себебі Құдай ешкімді алаламайды+.

Сілтемелер

Грекше “порниа”. Түсіндірмені қараңыз.
Сөзбе-сөз “шешіп тастап”.
Сөзбе-сөз “киіп алыңдар”.
Бұл сөз грекше сөйлейтін басқа ұлт адамдарына нұсқаса керек.
Бұл сөз қараңғы, анайы адамдарға нұсқайды.
Сөзбе-сөз “киіп алыңдар”.
Немесе “дөрекілік жасамаңдар”.