Петірдің 2-хаты 1:1—21

  • Амандасу (1)

  • Шақырылғандарыңа лайық болыңдар (2—15)

    • Сенімді толықтыратын қасиеттер (5—9)

  • Пайғамбарлық сөзге деген сеніміміз арта түсті (16—21)

1  Мен, Иса Мәсіхтің құлы әрі елшісі Шимон Петір, Құдайымыздың және Құтқарушы Иса Мәсіхтің әділдігінің арқасында біздікіндей аса құнды сенімге ие болу мәртебесін алғандарға жазып отырмын.  Құдай және Иеміз Иса жайлы тура білім+ арқылы мол рақым мен тыныштыққа бөлене беріңдер.  Өйткені Құдайдың құдіретті күшінің арқасында өзіне шын беріліп өмір сүруімізге қажеттінің барлығы бізді өз даңқымен әрі ізгілігімен шақырғанның тура білімі арқылы риясыз берілді+.  Осы дүниедегі арам құмарлықтың салдарынан болатын азғындалудан құтылғандықтан, құдайлық болмысқа ортақтасуларың+ үшін сол даңқ пен ізгілік арқылы сендерге аса бағалы әрі тамаша уәделер риясыз берілді+.  Міне, сол себепті өз тараптарыңнан барынша күш салып+, сенімдеріңді ізгілікпен+, ізгіліктеріңді біліммен+,  білімдеріңді ұстамдылықпен, ұстамдылықтарыңды+ табандылықпен, табандылықтарыңды Құдайға шын берілгендікпен+,  Құдайға шын берілгендіктеріңді бауырластық сүйіспеншілікпен, бауырластық сүйіспеншіліктеріңді бәріне деген сүйіспеншілікпен толықтырыңдар+.  Егер осы қасиеттер бойларыңда бар болса, әрі молынан болса, Иеміз Иса Мәсіх жайлы тура білімдерің әрекетсіз, жеміссіз болмайды+.  Ал кімде бұлар жоқ болса, ол соқыр, әрі жарықты көрмеу үшін көзін жұмады*+. Мұндай адам бұрынғы кезде жасаған күнәларынан тазарғанын+ ұмытып кеткен. 10  Сондықтан, бауырластар, шақырылғандарыңа+ және таңдап алынғандарыңа лайық болып қала беруге барынша ұмтылыңдар. Өйткені осы қасиеттерді толықтыра берсеңдер, ешқашан сүрінбейсіңдер+. 11  Сондай-ақ зор батаға ие болып, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік Патшалығына+ кіресіңдер+. 12  Сол себепті сендерге жазып отырғанымның бәрін білсеңдер де, өздерің танып-білген шындықта берік тұрсаңдар да, бәрібір бұларды ұдайы естеріңе салып отырмақпын. 13  Бірақ мен осы тәнімде*+ өмір сүріп жатқанымда бұларды үнемі естеріңе салу+ арқылы сендерді оятуды дұрыс деп санаймын. 14  Себебі маған Иеміз Иса Мәсіх білдіргендей+, жақында бұл тәнімді шешіп тастайтынымды білемін. 15  Мен кеткеннен кейін, осылардың бәрін әрдайым естеріңе алып тұра алуларың үшін қазір қолдан келгеннің бәрін істеймін. 16  Сендерге Иеміз Иса Мәсіхтің құдіреті мен осында болуы* жайында айтқанда, біз шебер қиюластырылған аңыз әңгімелерге сүйенген жоқпыз. Қайта, оның ұлылығын өз көзімізбен көрдік+. 17  Өйткені салтанатты ұлылық арқылы: “Бұл — менің сүйікті Ұлым. Мен оған ризамын!”+— деген сөздер айтылғанда, Құдай Әке оны құрмет пен ұлылыққа бөледі. 18  Иә, біз онымен бірге киелі тауда болғанда, көктен айтылған осы сөздерді естідік. 19  Сондықтан пайғамбарлық сөзге деген сеніміміз бұрынғыдан да арта түсті. Таң атып, таңғы жұлдыз+ шыққанға дейін, қараңғы жерде, яғни жүректеріңде, жарқырап тұрған шам+ іспетті сол сөзге ден қойып дұрыс істеп жүрсіңдер. 20  Ең алдымен, сендер мынаны білесіңдер: Жазбалардағы ешбір пайғамбарлық әлдебіреудің жеке түсінігіне негізделмеген. 21  Өйткені пайғамбарлық ешқашан адам баласының қалауымен айтылған емес+, қайта, оны адамдар Құдайдың киелі рухының қозғау салуымен айтқан+.

Сілтемелер

Мүмкін: “соқыр, алыстан көрмейді”.
Сөзбе-сөз “шатырда”.
Түсіндірмедегі “Исаның осында болуын” қараңыз.