Нақыл сөздер 30:1—33

  • АҒҰРДЫҢ ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ (1—33)

    • Кедейлік те, байлық та бере көрме (8)

    • Қанағатты білмейтін нәрселер (15, 16)

    • Ақыл жетпес жолдар (18, 19)

    • Азғын әйел (20)

    • Түйсікті даналықтың иелері (24)

30  Жәкенің ұлы Ағұрдың Итиел мен Ұқалға айтқан ұлағатты сөздері.   Барлығынан да білімсізі менмін+,Адамға тән түсінік те жоқ менде.   Даналыққа үйренген жоқпын,Ең Киелі Құдайдың білімі де жоқ менде.   Кім көкке көтеріліп, жерге қайта түсіп еді+? Кім желді қос уысында ұстап тұрып еді? Кім суларды киіміне орап алып еді+? Кім жердің шегін белгілеп еді+? Оның есімі мен ұлының есімі кім? Білсең, айтшы.   Құдайдың әр сөзі таза+,Ол — өзін паналағандар үшін қалқан+.   Оның сөздеріне ештеңе қоспа+,Әйтпесе ол сені айыптап,Өтірігіңді әшкерелер.   Саған екі өтінішім бар,Көзімнің тірісінде одан басқа қалауым жоқ.   Өтірік пен жалғандықты менен алшақтат+. Кедейлік те, байлық та бере көрме,Қажетті тамағымды ғана жегізе көр+.   Әйтпесе байып алып: “Ехоба деген кім?”— деп,Сенен бас тартармын+. Не кедей болып, ұрлық жасап,Құдайымның есіміне кір келтірермін. 10  Қожайынының алдында қызметшісіне жала жаппа,Әйтпесе ол сені қарғап, кінәлі болып шығарсың+. 11  Бір ұрпақ бар әкелерін қарғайтын,Аналарын да сыйламайтын+. 12  Бір ұрпақ бар ластығынан* тазармай жатып,Өздерін таза санайтын+. 13  Бір ұрпақ бар көздері сондай тәкаппар,Жоғарыдан соншама паңданып қарайтын+. 14  Бір ұрпақ бар тістері семсердей,Азулары мал соятын пышақтай. Жалмайды олар жер бетіндегі мүсәпірлерді,Адамзат ішіндегі бейшараларды+. 15  Сүліктің “Бер де бер!” деп айғайлайтын екі қызы бар. Қанағатты білмейтін үш нәрсе,“Жеткілікті!” демейтін төрт нәрсе бар: 16  Көр*+ және бедеу құрсақ,Суға қанбайтын — қуаң жер,Ешқашан “Жеткілікті!” демейтін — өрт. 17  Әкесін мазақ етіп, ал анасын менсінбейтіннің+ көзінАңғардың құзғындары шоқып алар,Жас бүркіттер жеп қояр+. 18  Ақылым жетпейтін* үш нәрсе,Түсінігім жетпейтін төрт нәрсе бар: 19  Көкте самғаған бүркіттің жолы,Жартаста өрмелеген жыланның жолы,Ашық теңізде жүзген кеменің жолы,Қыз көңілін тапқан еркектің жолы. 20  Азғын әйелдің жолы мынадай: Ішіп-жеп алып, аузын сүртер,Сөйтіп, ол: “Еш жамандық істемедім”,— дер+. 21  Жерді дірілдетер үш нәрсе,Ол төзе алмайтын төрт нәрсе бар: 22  Құлдың патша боп билік еткені+,Наданның асқа тойып жүргені, 23  Жексұрын әйелдің тұрмысқа шыққаны,Күңнің өз ханымының орнын басқаны+. 24  Мына төртеуі жердегінің ең кішкенесі,Әрі түйсікті даналықтың иесі+: 25  Құмырсқа — қауқары аз жәндік*,Әйтсе де жейтін азығын жазда жинайды+. 26  Майбасар+ — күші кем жаратылыс*,Әйтсе де үйін жартасқа салады+. 27  Шегіртке+, оның патшасы жоқ,Әйтсе де бәрі сап түзеп, алға басады+. 28  Кесіртке*+, ол аяқтарымен жармасып жүреді,Патша сарайынан да табылады. 29  Адымын кең басады мына үшеуі,Маңғаздана жүреді мына төртеуі: 30  Арыстан аңдардың ең күштісі,Ешкімнен қаймығып шегінбейді+. 31  Тазы және серке,Сондай-ақ әскерін бастап жүретін патша. 32  Ақымақтықпен өзіңді дәріптесең+,Яки осылай етуді ойласаң,Онда қолыңмен аузыңды жап+. 33  Сүтті шайқаса, май шығар,Мұрынды ұрса, қан ағар,Ашуға тисе, ұрыс шығар+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “нәжіс”.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “мені таң-тамаша қалдыратын”.
Сөзбе-сөз “халық”.
Сөзбе-сөз “халық”.
Яғни геккон.