Мұсаның 4-жазбасы 14:1—45

  • Халықтың Мысырға қайтқысы келуі (1—10)

    • Ешуа мен Халептің жақсы хабары (6—9)

  • Ехобаның қаһары; Мұсаның араша түсуі (11—19)

  • Жаза: шөл даланы 40 жыл кезу (20—38)

  • Исраилдің амалектіктерден жеңілуі (39—45)

14  Сол кезде бүкіл қауым дауыс көтеріп жылады. Содан олар түні бойы зар еңіреумен болды+.  Исраилдіктердің бәрі Мұса мен Харонға күңкілдей бастады+. Бүкіл қауым оларға қарсы сөйлеп: “Одан да Мысыр елінде немесе осы шөл далада өле қалғанымыз жақсы еді ғой!  Неге ғана Ехоба бізді сол жерге алып келе жатыр? Семсердің жүзімен қыру үшін бе+? Әйелдеріміз бен бала-шағамыз жауға олжа болмақ+. Одан да Мысырға қайтқанымыз жөн емес пе+?”— деді.  Тіпті олар бір-біріне: “Кәне, басқа бір басшы таңдап алып, Мысырға қайтайық+!”— десті.  Мұны естігенде, Мұса мен Харон бүкіл Исраил қауымының көз алдында жерге етпетінен жығыла кетті.  Барлаушылардың арасында болған Нұн ұлы Ешуа+ мен Епунех ұлы Халеп+ киімдерінің өңірін айырып жіберіп,  күллі Исраил қауымына былай деді: “Біз көріп келген өлке сондай керемет+!  Ехобаның көңілінен шықсақ, ол бізді ағы мен балы ағыл-тегіл мол сол жерге+ міндетті түрде апарып, оны иелігімізге береді.  Тек Ехобаға қарсы шықпаңдар! Ондағы халықтан қорықпай-ақ қойыңдар+, оларды оп-оңай жеңеміз. Себебі олар қорғансыз қалды, ал біздің жағымызда Ехоба бар+. Зәрелерің ұшпасын!” 10  Алайда жиналған барша жұрт оларды таспен атқылап өлтірейік деуге көшті+. Сонда күллі Исраил қауымына киелі шатырдың үстінен Ехобаның ұлылығы көрінді+. 11  Ехоба Мұсаға тіл қатып: “Мына халық қашанға дейін мені құрметтемейді+? Көз алдарында соншама керемет жасасам да, қашанғы маған сенбей жүре бермек+? 12  Оларға індет жіберіп, шетінен қырып салайын. Ал сенен болса әлдеқайда ұлы әрі күшті халық таратайын+”,— деді. 13  Бірақ Мұса Ехобаға былай деді: “Онда бұл мысырлықтардың құлағына жетеді. Ал сен бұл халықты құдіретті күшіңмен олардың арасынан алып шыққансың+. 14  Олар естігендерін біз бара жатқан жердің тұрғындарына айтып береді. Бұлар болса, Ехоба, сенің өз халқыңмен бірге келе жатқаныңнан+ және оларға көрініп, жүзбе-жүз сөйлескеніңнен+ хабардар. Сондай-ақ сенің Ехоба екеніңді біледі, халқыңның үстінде бұлтың тұрғанын, ал жол жүргенде күндіз бұлт бағанасымен, түнде от бағанасымен бастап келе жатқаныңды да біледі+. 15  Егер мына халықтың бәрін бірден қырып салсаң, сенің даңқыңды естіген халықтар: 16  —Ехоба өз халқын уәде еткен жеріне алып бара алмай, шөл далада қырып тастапты,— демей ме+? 17  Өтінемін, Ехоба, уәдеңе сай, құдіретті күшіңді паш ете көр, өйткені өзің: 18  —Ехоба ашулануға асықпайды, сүйіспеншілігінен айнымайды+, теріс қылық пен қылмысты кешіреді, бірақ кінәліні ешқашан жазасыз қалдырмайды. Әкелері жасаған күнәнің салдарын ұлдары мен немерелеріне, шөберелері мен шөпшектеріне тартқызады+,— дегенсің. 19  Мына халыққа айнымас сүйіспеншілік танытып, күнәсін кешіре көр! Оларды Мысырдан шыққалы бері, осылай кешіріп келесің ғой+”. 20  Сонда Ехоба: “Айтқаның болсын, мен оларды кешірейін+. 21  Алайда Ехобаның даңқы бүкіл жер бетіне тарайды+, бұл — менің тірі екенімдей хақ! 22  Бірақ Мысырда және шөл далада даңқым мен кереметтерімді көрсе де+, мені қайта-қайта* сынап+, даусыма құлақ аспағандардың+ бірде-біреуі 23  ата-бабаларына уәде еткен жерімді көрмейді. Иә, мені құрметтемейтіндердің бірі де оны көрмейді+. 24  Әйтсе де қызметшім Халеп+ басқаша рух танытып, айтқандарымды шын жүректен орындады. Сондықтан оны өзі көріп келген жерге кіргіземін, үрім-бұтағы оны иеленетін болады+. 25  Аңғардағы жазықта амалектіктер мен қанахандықтар+ тұрып жатқандықтан, сендер ертең кері бұрылып, Қызыл теңізге апаратын жолмен шөлге қарай бет алыңдар+”,— деді. 26  Сосын Ехоба Мұса мен Харонға мынаны айтты: 27  “Мына зұлым қауым қашанғы маған қарсы күңкілдей береді+? Исраилдіктердің маған қарсы айтқан күңкілін естідім+. 28  Оларға былай де: —Не айтсаңдар, тап соны бастарыңа келтіремін+. Бұл — менің тірі екенімдей хақ!— дейді Ехоба.— 29  Санақтан өткен жасы жиырмаға толған және одан асқандарыңның, яғни маған қарсы күңкілдеген бәріңнің+, сүйектерің осы шөл далада қалады+. 30  Мен сендерді қоныстандырамын деп уәде еткен* сол жерге+ Епунех ұлы Халеп пен Нұн ұлы Ешуадан басқа ешқайсысың кірмейсің+. 31  Сол елге сендердің жауға олжа болады деп қорыққан балаларыңды алып барамын+. Өздерің бас тартқан жерді+ солар көретін болады. 32  Ал сендердің сүйектерің осы шөл далада қалады. 33  Бірде-біреуің қалмайынша, ұлдарың 40 жыл бойы малды шөл далада бағады*+. Оларға сендердің опасыздықтарың* үшін жауап беруге тура келеді+. 34  Сол елді 40 күн+ барлаған болсаңдар, күнәларың үшін 40 жыл+ — бір күн үшін бір жыл — зардап шегесіңдер. Сонда маған қарсы шығудың* не екенін түсінесіңдер. 35  Мұны мен, Ехоба, айтып отырмын. Маған қарсы жиналған бұл зұлым қауымға былай істемекпін: олар осы шөл далада өліп, осы жерде қырылады+. 36  Ал Мұса барлауға жіберген, бірақ сол ел туралы жаман хабар таратып+, бүкіл қауымның оған қарсы күңкілдеуіне себепші болғандар, 37  яғни уәде етілген жер туралы жаман хабар әкелгендер жазаға тартылып, Ехобаның алдында өлім құшады+. 38  Барлаушылардың арасынан тек Нұн ұлы Ешуа мен Епунех ұлы Халеп қана тірі қалады+”. 39  Мұса бұл сөздерді исраилдіктерге жеткізгенде, халық зар еңіреп жылай бастады. 40  Келесі күні олар ерте тұрып: “Біз күнә жасадық. Ал енді Ехоба айтқан жерге баруға дайынбыз”,— деп, таулы өңірге көтерілмек болды+. 41  Бірақ Мұса оларға былай деді: “Неге Ехобаның бұйрығына қарсы шығып жатырсыңдар? Бұларыңнан бәрібір түк шықпайды. 42  Ол жаққа көтерілмеңдер, өйткені Ехоба сендерге жар болмайды. Жауларыңнан жеңіліп қаласыңдар+. 43  Ол жерде амалектіктер мен қанахандықтарға кезігіп+, солардың семсерінен қаза табасыңдар. Ехобаға мойынсұнбай, одан теріс айналып кеткендіктен, Ехоба сендерге жар болмайды+”. 44  Алайда олар көкіректеніп, таулы өңірге бет алды+. Ал Ехобаның келісім сандығы мен Мұса қоста қалды+. 45  Сол өңірде мекендейтін амалектіктер мен қанахандықтар төмен түсіп, оларды Хормаға дейін қуа отырып, тас-талқан етті+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “он рет”.
Сөзбе-сөз “қолымды көтерген”.
Немесе “қойшы болады”.
Сөзбе-сөз “азғындықтарың”.
Немесе “мені жау санаудың”.