Матай 4:1—25
4 Сосын Иса рухтың жетелеуімен шөл далаға барды. Сол жерде Ібіліс+ оны сынады+.
2 40 күн, 40 түн ораза тұтқаннан кейін, оның қарны ашты.
3 Сонда Азғырушы*+ келіп, оған: “Егер Құдайдың ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыр”,— деді.
4 Бірақ Иса: “Киелі жазбада “адам нанмен ғана емес, Ехобаның аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүруі тиіс” делінген ғой”,— деп жауап берді+.
5 Мұнан соң Ібіліс оны қасиетті қалаға*+ апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып+:
6 “Егер Құдайдың ұлы болсаң, төмен қарай секір, өйткені Киелі жазбада “ол сен туралы періштелеріне бұйрық береді”, сондай-ақ “аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін, сені қолдарына алып жүреді” деп жазылған ғой”+,— деді.
7 Иса оған: “Ехоба Құдайыңды сынаушы болма!” деп те жазылған ғой”,— деп жауап қайтарды+.
8 Бұдан кейін Ібіліс оны бір өте биік тауға апарды да, әлемнің барлық патшалықтары мен олардың сән-салтанатын көрсетіп+,
9 былай деді: “Егер алдыма жығылып, маған бір рет табынсаң, осының бәрін саған беремін”.
10 Сонда Иса: “Кет қасымнан, Шайтан! Киелі жазбада “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп+, тек соған ғана қызмет* ет!” деп жазылған ғой”,— деді+.
11 Сонда Шайтан оның қасынан кетіп қалды+. Ал періштелер келіп, оған қызмет көрсете бастады+.
12 Иса Жақияның тұтқындалғаны+ жайлы естіп, Ғалилеяға жол тартты+.
13 Кейін ол Назареттен шығып, Забулон мен Нафталим аймақтарындағы теңіз жағалауында орналасқан Қапарнаумға+ келіп, сол жерде тұрды.
14 Осылайша Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөздер орындалды:
15 “Уа, теңізге барар жолдағы әрі Иорданның арғы жағындағы Забулон жері мен Нафталим жері — басқа ұлттар мекендейтін Ғалилея!
16 Түнекте отырған халық ғаламат нұрды көріп, өлім көлеңкесінде отырғандарға нұр+ төгілді+”.
17 Сол уақыттан бастап Иса: “Күнәларыңа өкініңдер, өйткені Көк Патшалығы таяп қалды”,— деп уағыздауға кірісті+.
18 Ғалилея теңізінің* жағасымен келе жатып, ол Петір+ деп те аталатын Шимонды және оның бауыры Әндірді көрді. Бұл ағайынды екі жігіт суға ау салып жатты. Олар балықшылар еді+.
19 Иса оларға: “Соңымнан еріңдер, мен сендерді адам аулаушы етемін+”,— деді.
20 Олар ауларын тастай сала, оның соңынан ерді*+.
21 Ол әрі қарай кетіп бара жатып, ағайынды екі жігіт Жақып пен Жоханды+ да көрді. Олар әкесі Зебедеймен бірге қайықта ау жамап отырған еді. Иса оларды да шақырды+.
22 Екеуі сол заматта қайықтарын да, әкелерін де тастап, оның соңынан ерді.
23 Сосын ол бүкіл Ғалилея аймағын аралап+, мәжілісханаларда*+ тәлім беріп, Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздап, адамдарды түрлі ауру-сырқаудан сауықтырып жүрді+.
24 Ол туралы хабар бүкіл Сирияға тарап, жұрт оған әртүрлі дерттен қатты қиналғандардың бәрін+ — бойын жын билегендерді+, қояншық ауруы барларды+ және сал болғандарды — әкеліп жатты, ал Иса оларды айықтырды.
25 Сондықтан Ғалилея, Декаполис*, Иерусалим, Яһудея мен Иорданның арғы бетінен қалың жұрт оның соңынан еріп жүрді.
Сілтемелер
^ Немесе “Әзәзіл”.
^ Яғни Иерусалимге.
^ Сөзбе-сөз “қасиетті қызмет”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.
^ “Генесәрет көлі”, “Кинерет теңізі”, “Тиберия теңізі” деп те аталады.
^ Мұнда “соңынан еру” деген тіркес Исаның ізбасары болу мағынасында қолданылған.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “он қала өңірі”.