Зәбүр 92:1—15

  • Ехоба мәңгі бақи асқақтайды

    • Оның істері ұлы, ойлары терең (5)

    • “Әділдер ағаштай жайқалады” (12)

    • Жасы ұлғайғандар балғын күйде қала береді (14)

Жыр. Демалыс күніне арналған ән. 92  Ехобаға алғыс айтқан жақсы+,Уа, Құдай Тағала, есіміңді мадақтап ән айтқан жақсы.   Таңертең айнымас сүйіспеншілігіңді,Түнде адалдығыңды жариялаған жақсы+.   Иә, он ішекті аспаптың,Сазды арфаның сүйемелдеуімен жариялаған жақсы+.   Өйткені, уа, Ехоба, істеріңмен мені қуантасың;Қолыңмен жасаған істерді көріп, шаттана ән саламын.   Уа, Ехоба, істерің неткен ұлы еді+! Ойларың неткен терең еді+!   Санасыз адам бұларды білмейді,Ақымақ адам мынаны түсіне алмайды+:   Зұлымдар шөптей қаулайды,Күнәкарлар өркендейді,Ақырында олар мәңгіге құриды+.   Ал сен, уа, Ехоба, мәңгі бақи асқақтай бересің.   Уа, Ехоба, жауларыңа масаттана қарашы,Дұшпандарыңның қалай құритынына қарашы. Күнәкарлардың бәрі бытырап кетеді+. 10  Бірақ сен менің күшімді жабайы бұқанікіндей тасытасың;Мен денеме май жағып, сергіп қаламын+. 11  Дұшпандарымның жеңілгенін көзім көреді+,Маған тап берген зұлымдардың күйрегенін құлағым естиді. 12  Ал әділдер пальма ағашындай жайқалады,Ливан қарағайындай өсіп, биік болады+. 13  Ехобаның үйінде отырғызылған оларҚұдайымыздың аулаларында+ құлпырады. 14  Жасы ұлғайса да, жеміс әкеледі+,Қайраты мол, балғын күйде қала береді+, 15  Әрдайым Ехобаның әділдігін жария етеді. Ол — менің Жартасым+; оған әділетсіздік жат.

Сілтемелер