Зәбүр 9:1—20
Ән-күй жетекшісіне. Мут-лаббен*. Дәуіттің жыры.
א [Алеф]*
9 Уа, Ехоба, мен сені бар жүрегіммен мадақтаймын,Күллі керемет істеріңді жариялаймын+.
2 Өзіңді ойлап қуанып, өзіңді ойлап шаттанамын,Уа, Құдай Тағала, есіміңді мадақтап әнге қосамын+.
ב [Бет]
3 Дұшпандарым кері шегінгенде+,Алдыңда сүрініп, құрып жоқ болады.
4 Өйткені ісімді әділ шешіп, мүддемді қорғайсың,Тағыңда отырып әділ сот жүргізесің+.
ג [Гимел]
5 Халықтарды әшкерелеп+, зұлымның көзін құрттың,Есімдерін мәңгілікке өшірдің.
6 Жауларым мәңгіге құрыды,Сен олардың қалаларын жермен-жексен еттің,Енді олар ешқашан еске алынбайды+.
ה [Хе]
7 Ал Ехоба тағында мәңгі бақи отырады+,Әділ сот жүргізу үшін тағын берік орнатады+.
8 Ол жер тұрғындарын әділ соттайды+,Халықтарға әділ шешімдер шығарады+.
ו [Вав]
9 Ехоба — қаналғандар үшін мықты қорған+,Қасіретке ұшырағандарында, қауіпсіз пана болады+.
10 Есіміңді білетіндер өзіңді медет тұтады+,Өзіңді іздегендерді сен ешқашан тастамайсың, уа, Ехоба+.
ז [Заин]
11 Сионда мекендейтін Ехобаны мадақтап ән шырқаңдар,Халықтар арасында істерін жариялаңдар+.
12 Бейшаралардың төгілген қаны үшін кек алатын Құдай оларды есте ұстайды+,Олардың жанайқайын еш ұмытпайды+.
ח [Хет]
13 Маған ықыласыңды түсірші, уа, Ехоба!
Мені жек көретіндердің жанымды қалай қинап жатқанына қарашы!
Өлім қақпаларынан мені тұрғызып алған өзің едің ғой+,
14 Сенің мадаққа лайық істеріңді Сион қызының қақпаларының алдында жариялайын+,Құтқарғаныңа қуана шаттанайын+.
ט [Тет]
15 Халықтар қазған орларына өздері құлады,Құрған торларына өздерінің аяқтары шырмалды+.
16 Ехоба үкімдерін жүзеге асыратынымен танымал+.
Зұлымның өз қолымен жасаған ісі өзіне тұзақ болады+.
Хиггайон*. (Села)
י [Йод]
17 Зұлым жан көрге* қарай шегінеді,Құдайды ұмытқан халықтардың бәрі де сөйтеді.
18 Ал жарлы үнемі ұмыт қала бермейді+,Момынның үміті ешқашан үзілмейді+.
כ [Каф]
19 Уа, Ехоба, көтерілші! Пенденің үстем болуына жол бермеші.
Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсыншы+.
20 Олардың бойын қорқыныш билесінші, уа, Ехоба+!
Халықтар небәрі жұмыр басты пенде екендерін білсінші. (Села)
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Зәбүрдің кейбір тараулары акроөлең түрінде, яғни еврей әліпбиі бойынша жазылған жыр.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.