Зәбүр 146:1—10

  • Адамға емес, Құдайға арқа сүйе

    • Өлгенде адамның ой-ниеті құрып жоғалады (4)

    • Құдай бүгілгендерді демейді (8)

146  Ехобаны* мадақтаңдар+! Бар болмысым Ехобаны мадақтасын+!   Өмір бойы Ехобаны мадақтап өтемін,Құдайыма өле-өлгенімше мадақ әнін айтамын.   Бекзадаларға* арқа сүйемеңдер,Еш құтқара алмайтын адам баласына да сенім артпаңдар+.   Оның демі бітіп*, қара жерге оралады+,Сол күні-ақ бар ой-ниеті құрып жоғалады+.   Жақыптың Құдайы қолдайтын+ адам,Бар үмітін Құдайы Ехобаға артатын адам бақытты+.   Құдай жер мен көкті,Теңіз бен ондағылардың бәрін жаратты+. Ол адалдығынан еш таймайды+,   Алданғандар үшін әділдік орнатады,Ашыққан жанды нанға тойдырады+. Ехоба тұтқында отырғандарды босатады+.   Ехоба зағиптардың көзін ашады+,Ехоба бүгілгендерді демейді+,Ехоба әділ жандарды жақсы көреді.   Ехоба жатжерліктерді қорғайды,Жетім мен жесірді аш қалдырмайды+,Ал зұлымдардың жолына тосқауыл қояды+. 10  Ехоба мәңгі бақи патшалық құрады+,Уа, Сион, сенің Құдайың ұрпақтан ұрпаққа Патша болады. Ехобаны* мадақтаңдар!

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
Немесе “Беделділерге”.
Немесе “рухы шығады да”.
Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.