Зәбүр 108:1—13

  • Жеңіс сыйлауын сұрап дұға ету

    • Пенде құтқарады деп күту — бос әуре (12)

    • “Құдай бізге күш сыйлайды” (13)

Дәуіттің жыры. 108  Жүрегім мызғымас берік, уа, Құдайым. Бар болмысыммен өзіңді даңқтап ән саламын+.   Уа, ішекті аспап, оян! Сен де оян, уа, арфа+! Мен таң шапағымен бірге тұрамын.   Уа, Ехоба, халықтар арасында сені мадақтаймын,Ұлттар арасында өзіңді даңқтап ән саламын.   Себебі айнымас сүйіспеншілігің зор, көкке дейін жетеді+,Адалдығың бұлттарға дейін жетеді.   Уа, Құдайым, көктен жоғары асқақташы! Даңқыңды жер бетінен жоғары шарықтатшы+!   Оң қолыңмен аман сақтап, маған жауап берші,Өзің жақсы көретіндер құтқарылсын+.   Киелі Құдай* былай деді: “Мен шаттанамын, Сихемді+ халқымның үлесіне беремін,Суқот аңғарын да өлшеп беремін+.   Ғалақат+ менікі, Манаса да маған тиесілі,Ефрем — басыма киер дулығам+,Яһуда — билеушімнің асатаяғы+.   Моаб — шылапшыным+,Едомға сандалымды лақтырамын+,Філістір жеріне жеңімпаз үнмен айғай саламын+”. 10  Кім мені бекіністі қалаға кіргізеді? Кім мені Едомға бастап алып жүреді+? 11  Өзің емессің бе, уа, бізден бас тартқан Құдайымыз,Бұдан былай әскерімізбен бірге соғысқа шықпайтын Құдайымыз+?! 12  Қиын шақта келе көр көмекке+,Өйткені пенде құтқарады деп күту — бос әуре+. 13  Құдай бізге күш сыйлайды+,Жауларымызды аяғымен таптайды+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Құдай киелі тұрағында”.