Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Жоқшылықтан құтылатын заман бола ма?
Жыл сайын жоқшылықтың тақсіретін тартқан миллиондаған адам асқа жарымай не індеттерге ұшырап қаза табуда. Кей елдер әлеуметтік жағынан өркендеп жатқанымен, адамзаттың басым көпшілігі тақыр кедей. Кедейлік мәселесі қашан да адамзат қоғамының ажырамас бөлігі болып келгені Киелі кітапта да айтылған (Жохан 12:8 оқыңыз).
Жоқшылықты болдырмау үшін бүкіл адамзатқа дүниежүзі бойынша билік ететін бір үкімет қажет. Ондай үкіметтің жер бетіндегі ресурстарды әділдікпен үлестіретін және кедейліктің негізгі себебі болып отырған соғысты тоқтата алатын билігі болуы керек. Ал Құдай дәл осындай үкіметті орнататынын уәде еткен (Даниял 2:44 оқыңыз).
Жоқшылықтан құтқаратын кім бар?
Құдай өзінің рухани Ұлы Иса Мәсіхті бүкіл адамзатқа билік жүргізуге тағайындаған (Зәбүр 2:4—8). Ол адамзатты кедейлік пен езгіден азат етіп, зұлымдықты жояды (Зәбүр 72:8, 12—14 оқыңыз).
Алдын ала пайғамбарлық етілгендей, “Тыныштық бекзадасы” Иса Мәсіх әлемге тыныштық пен қауіпсіздік орнатады. Сол кезде жер бетіндегі әрбір отбасы өз шаңырағының астында ғұмыр кешеді әрі бейнетінің зейнетін көріп, тоқшылықта өмір сүреді (Ишая 9:6, 7; 65:21—23 оқыңыз).