Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП

Ехоба куәгерлері деген кімдер?

Ехоба куәгерлері деген кімдер?

“Мен Майкты бұрыннан білемін. Ол — Ехоба куәгері. Бірақ оның ұстанатын діні мен үшін түсініксіз еді: Ехоба деген кім? Неге Куәгерлер мейрамдарды тойламайды? Осы Майк сектаға кіріп кеткен жоқ па?” Бекки (Калифорния, АҚШ).

“Көршілерім Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттей бастағанда, мен: — Ехоба куәгерлері деген нені білдіреді? Діннің осылай аталуы бірқызық қой!— деп ойладым”. Зенон (Онтарио, Канада).

“Әйелім екеуміз шіркеуге бармай жүргендіктен, өзімізді кінәлі сезінетінбіз. Ал Ехоба куәгерлері осыны біліп, бізді өздеріне кіргізу үшін әдейі келіп жүр деп ойладық. Біз дәстүрлі діндерден таппаған сұрақтарымыздың жауабын Ехоба куәгерлері сияқты қайдағы бір сектадан таба алатынымызға күмәніміз бар еді”. Кент (Вашингтон, АҚШ).

“Шыны керек, олардың кім екенін, не нәрсеге сенетінін білмедім”. Сесилия (Эсбьерг, Дания).

Сіз Ехоба куәгерлерінің үйден үйге уағыздап, Киелі кітапқа негізделген әдебиеттерді таратып және тегін Киелі кітап зерттеу сабақтарын ұсынып жүргендерін көрген боларсыз. Осы журналды да олардың бірінен алған шығарсыз. Алайда көкейіңізде “Ехоба куәгерлері деген кімдер?” деген сұрақ жауапсыз қалған болар. Бәлкім, жоғарыдағы пікірдің біреуіне сіз де қосылатын шығарсыз.

Ехоба куәгерлері жайлы сұрақтарыңыз болса, олардың жауабын қайдан іздер едіңіз? Куәгерлер шын мәнінде неге сенеді, олардың уағыз ісі мен ғибадат ететін ғимараттары қалай қаржыландырылады? Олардың неге үйіңізге келіп, көшеде тоқтатып, әңгімелесуге тырысатынын қайдан білуге болады?

Жоғарыда есімі аталған Сесилия былай дейді: “Мен Ехоба куәгерлері туралы интернеттен көп оқығанмын. Олар жайлы қауесеттер естіп, оларға қарсы адамдардың көптеген әңгімесін тыңдағанмын. Сондықтан Ехоба куәгерлері жайлы ойым жаман еді”. Бірақ кейіннен Сесилия Ехоба куәгерлерімен сөйлескенде, сұрақтарына өз ауыздарынан толыққанды жауап алды.

Сіз де Ехоба куәгерлері жайлы шындықты білгіңіз келе ме? Біз сұрақтарыңыздың тура жауабын ең хабардар адамдардан, яки осы журналдың баспагерлері Ехоба куәгерлерінің өзінен білуге шақырамыз (Нақыл сөздер 14:15). Келесі бірқатар мақалалар біздің кім екенімізді, не нәрсеге сенетінімізді және қандай іс атқарып жүргенімізді толыққанды түсінуге көмектеседі деп үміттенеміз.