Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Иса Мәсіх не үшін қайтып келеді?

Иса Мәсіх б. з. 33 жылы көкке көтерілмей тұрып, қайтып келетінін уәде етті. Ол өзін ұзақ уақытқа алыс елге кететін, бірақ патша ретінде билік ету үшін қайтып оралатын ақсүйекке теңеген. Иса адамзаттың үстінен билік ететін жақсы үкіметті орнату үшін қайтып келеді (Лұқа 19:11, 12 оқыңыз).

Иса адамзат үшін жақсы үкімет орнатады

Иса қандай денемен қайтып келеді? Ол көзге көрінбейтін рухани тұлға ретінде қайтып тірілген болатын (Петірдің 1-хаты 3:18). Содан кейін ол көкке барып, Құдайдың оң жағына отырды (Забур 109:1). Осыдан біраз уақыт өткен соң, Иса “мәңгі жасап келе жатқан” Ехоба Құдайдың алдына әкелінді, әрі Құдай оған адамзатқа билік етуді тапсырды. Сонымен, Иса адам кейпінде емес, рухани денемен Патша ретінде қайтып келеді (Даниял 7:13, 14 оқыңыз).

Иса қайтып келгенде не істейді?

Иса періштелерімен бірге көзге көрінбей қайтып келгенде, адамзатты соттайтын болады. Ол зұлым адамдарды жояды, ал өзін Патша ретінде мойындайтындарға мәңгілік өмір сыйлайды (Матай 25:31—33, 46 оқыңыз).

Патша ретінде билік еткенде Иса жер бетін жұмаққа айналдырады. Ол қайтыс болып кеткен адамдарды жер бетіндегі жұмақта өмір сүрулері үшін қайта тірілтеді (Лұқа 23:42, 43 оқыңыз).