Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Мәңгі өмір сүру мүмкін бе?
Құдай жаратқан алғашқы адам, яғни Адам ата, бірнеше ғасыр бойы өмір сүрген еді. Бірақ ақыр соңында ол қартайып, өлді. Содан бері адамдар қартаймас үшін түрлі әдістерді қолданады. Алайда бірде-бір адам өлімнен қашып құтыла алмады. Неге? Адам ата Құдайға мойынсұнбағандықтан қартайып, өлді. Адам атадан күнәні және оның жазасы — өлімді мұра еткендіктен біз де қартаямыз (Жаратылыс 5:5; Римдіктерге 5:12 оқыңыз).
Мәңгі өмірге ие болуымыз үшін бізге төлем қажет болды (Әйүп 33:24, 25). Төлем деген біреуді құлдықтан босату үшін төленетін құнды білдіреді. Ал біз өлімнің құлдығынан босауымыз керек еді (Мысырдан шығу 21:29, 30). Иса Мәсіх біздің күнәларымыз үшін жанын қиюымен қажетті төлем құнын берді (Жохан 3:16 оқыңыз).
Мәңгілік өмірге қалай қол жеткізе аламыз?
Ауру мен қартаюдың құрсауынан кез келген адам құтыла алмайды. Өйткені Адам ата сияқты Құдайға мойынсұнбайтын адамдар мәңгі өмір сүру үмітіне ие болмайды. Тек күнәлары кешірілген адамдар ғана мәңгі өмір сүре алады (Ишая 33:24; 35:3—6 оқыңыз).
Ал кешірімге ие болу үшін бізге әрекет ету қажет. Біз Құдай Сөзі Киелі кітапты зерттеу арқылы ол туралы білім алуымыз керек. Ол кітапта қалай ең керемет өмір жолымен жүруге болатыны және қалай Құдайдың ықыласы мен мәңгілік өмірге ие бола алатынымыз жайлы жазылған (Жохан 17:3; Елшілердің істері 3:19 оқыңыз).