Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Діннің өнегелік құндылықтарға деген көзқарасы

Діннің өнегелік құндылықтарға деген көзқарасы

“Менімен бір колледжде оқығандардың көбісі өздерін діндар адам деп есептейтін,— дейді медбике болып жұмыс істеп жүрген Сильвия.— Алайда олар есірткі қабылдайтын және емтихан тапсырған кезде өтірік айтатын. Дін олардың өмірлеріне еш әсер етпейтін”.

Лайнел есімді ер кісі болса былай дейді: “Менің әріптестерім өтірік айтып, ауырып жатырмын деп жұмысқа қоңырау шалады. Дін олар үшін үйде тұратын, бірақ еш қолданылмайтын жиһаздың бір бөлігі ғана сияқты”.

Дін көп адамды өнегелік құндылықтарды ұстануға талпындыра бермейді. Бүгінде “құдайшыл болып көрінгенмен, бұны істерімен көрсетпейтін” адамдар көп (Тімөтеге 2-хат 3:5). Себебі дінбасылары бұл адамдарға жақсы үлгі көрсетпейді әрі өнегелі өмір сүру үшін Жазбаларға негізделген қажетті тәлім бермейді. Сондықтан көп адамның өздерінің қалай өмір сүріп жатқаны Құдайға бәрібір деп ойлайтыны таңғалдырмайды.

КИЕЛІ КІТАП НЕГЕ ҮЙРЕТЕДІ?

Киелі кітаптан біз Құдайдың сезімдері бар екенін және іс-әрекеттеріміздің оған әсер ететінін білеміз. Мысалы, ежелгі Исраил халқы Құдайға қарсы шыққанда, “оның жүрегін ауыртқан” (Забур 78:40 ЖД). Алайда адам теріс жолдан қайтып, Құдайға шын жүректен бет бұрса, “көкте көп қуаныш” болады (Лұқа 15:7). Егер адам көктегі Әкеміздің керемет қасиеттерін бағалай түссе, оның Құдайға деген сүйіспеншілігі артады. Ал бұл сүйіспеншілік оны Құдай жек көретінді жек көруге және ол жақсы көретінді жақсы көруге талпындырады (Амос 5:15).

ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІ ЖАЗБАЛАРҒА САЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕ МЕ?

Солт-Лейк-Сити қаласының (АҚШ, Юта штаты) “Дезерт Ньюс” деген журналында Ехоба куәгерлері “адамдарды отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, өзгелерге көмектесуге дайын әрі елдің шыншыл азаматы болуға талпындыратыны” жазылған. Сондай-ақ журналда былай делінген: “Куәгерлер жоғары өнегелік құндылықтарды ұстанады. Олар шылым шегу, ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, құмар ойындар ойнау, азғындық жасау және гомосексуализммен айналысу Құдаймен қарым-қатынасты бұзатын істер деп есептейді”.

Дінбасылар адамдарға Құдай Сөзіндегі өнегелік құндылықтарды ұстануға көмектесе ме?

Құдай жайлы білім алғандары Куәгерлерге қалай көмектеседі? Жоғарыда сөзі келтірілген Сильвия былай дейді: “Мен жұмыс істейтін жерде өтірік айту кәдімгі нәрсеге айналған. Сондықтан басқалар сияқты болып кету оп-оңай. Бірақ Ехобаның * өтірік айтуға қалай қарайтынын білгенім маған дұрыс нәрсені істеуге көмектеседі. Соның арқасында мен қуаныш пен жантыныштығын сезінемін”. Сильвия өзінің діни ұстанымдарына сай әрекет еткені өмірін жақсартқанына көз жеткізді.

^ 9-абзац Ехоба — Киелі кітапта жазылған Құдайдың есімі.