6-пайғамбарлық. Дүниежүзілік уағыздау ісі
6-пайғамбарлық. Дүниежүзілік уағыздау ісі
“Патшалық жайлы осы ізгі хабар... бүкіл жер бетінде уағыздалады” (МАТАЙ 24:14).
● Биатея Тынық мұхитының Туамоту архипелагына қарасты шалғай орналасқан аралда тұрады. Туамоту архипелагындағы 80-ге жуық арал 802 900 шаршы километрден астам жерді алып жатқанымен, ондағы тұрғындардың саны 16 000-нан аспайды. Сөйткенмен де Ехоба куәгерлері Биатея мен оның көршілеріне де барып жолыққан. Неге? Өйткені Куәгерлер Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды барлық адамдарға, алыс-жақын тұрғанына қарамастан жеткізгісі келеді.
ДЕРЕКТЕР НЕНІ КӨРСЕТЕДІ? Патшалық туралы хабар дүниенің төрт бұрышына жетуде. 2010 жылдың өзінде Ехоба куәгерлері 236 елде ізгі хабар уағыздауға 1,6 миллиард сағат жұмсады. Бұл әр Куәгер күніне орта есеппен 30 минут уағыздады дегенді білдіреді. Соңғы он жыл ішінде олар Киелі кітапқа негізделген әдебиеттердің 20 миллиардтан астам данасын шығарып, көпшілікке үлестірді.
ЖИІ АЙТЫЛАТЫН ҚАРСЫ ПІКІР: Киелі кітап хабары мыңдаған жылдар бойы уағыздалып келеді ғой!
МҰНДАЙ ПІКІР ДҰРЫС ПА? Расында да, Киелі кітап хабарын уағыздауға тырысқан адамдар аз болмаған. Алайда көбінесе олардың бұл ісі ұзаққа созылмаған, әрі аз ғана аумақты қамтыған. Ехоба куәгерлері болса, дүниежүзі бойынша ұйымдасқан түрде уағыздауда және соның нәтижесінде ізгі хабарды жүздеген миллион адам естуде. Куәгерлер адамзат тарихындағы ең ықпалды және қатыгез ұйымдардың қатты қарсылығына қарамастан істерін доғармаған * (Марқа 13:13). Сондай-ақ Ехоба куәгерлеріне уағыздағандары үшін ақы төленбейді. Десе де олар ізгі хабарды жариялау үшін алтын уақыттарын аямайды және әдебиеттерін де тегін үлестіреді. Олардың ісі толықтай ерікті садақаның есебінен атқарылады.
СІЗ ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗ? “Патшалық жайлы ізгі хабар” дүниежүзі бойынша уағыздалып жатыр ма? Бұл пайғамбарлықтың орындалып жатқаны жақын болашақта қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман орнайтынын білдіруі мүмкін бе?
[Сілтеме]
^ 6-абзац Көбірек мәлімет алғыңыз келсе, “Сынақ кезінде адалдығын сақтағандар” (ор.), “Күлгін үшбұрыштар” (ор.), “Ехоба куәгерлерінің нацизм алдындағы батылдығы” (ор.) деп аталатын Ехоба куәгерлері шығарған деректі фильмдерді көріңіз.
[9-беттегі сөздер]
“Біз Ехоба Құдай мүмкіндік беріп отырған кезде кез келген мүмкіндікті пайдаланып, Патшалық туралы ізгі хабарды құлшыныспен уағыздауды тоқтатпаймыз”. (2010 ЖЫЛҒЫ “ЕХОБА КУӘГЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛНАМАСЫ)”