Тамаша элемент
Бір беделді еңбекте: “Тіршілік үшін көміртектен маңызды элемент жоқ”,— деп айтылған (“Nature’s Building Blocks”). Өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында көміртек өз-өзімен және басқа да көптеген химиялық элементтермен әрекеттесіп, миллиондаған қосылыс түзеді. Олардың көбісі әлі күнге дейін табылып я жасанды жолмен алынып жатыр.
Төмендегі мысалдардан көрінетіндей, көміртек атомдары бірігіп, шынжыр, пирамида, сақина, жазықтық және цилиндр іспетті әртүрлі пішін құрайды. Расында да, көміртек — тамаша элемент!
АЛМАС
Көміртек атомдары тетраэдр деп аталатын құрылымы өте берік пирамида түзіп, алмасты бүгінде белгілі ең қатты табиғи зат етеді. Сапалы алмас негізінен көміртек атомдарының дара молекуласынан тұрады.
ГРАФИТ
Өзара тығыз байланысқан көміртек атомдары әлсіз байланысқан тор қабаттарда орналасады. Бұл тор қабаттар бір бума қағаз беттері сияқты бір-бірінен оңай ажырайды. Осы қасиеттерінің арқасында графит жақсы майлайтын зат болып табылады әрі жай қарындашты жасауда негізгі химиялық қосынды ретінде қолданылады. *
ГРАФЕН
Ол көміртек атомдарының бір қабатынан тұрады. Бұл қабат бал ұяшықтары тәрізді түзіледі. Графен болаттан бірнеше есе күшті болады. Сызылған қарындаштың ізінде графеннің бір не бірнеше қабаттан тұратын кішігірім бөлшектері табылуы мүмкін.
ФУЛЛЕРЕНДЕР
Көміртектің бұл молекулалары өте кішкентай шарлар мен нанотүтікше деп аталатын цилиндрлерден құралады. Олар нанометрмен, яғни бір метрдің миллиардтан бір бөлігімен, өлшенеді.
ТІРІ АҒЗАЛАР
Өсімдік, жануар мен адам денесін құрайтын көптеген жасушалар көміртектің негізінде түзіледі. Бұл элемент көмірсуларда, майларда және аминқышқылдарында бар.
“Оның (Құдайдың) көзге көрінбейтін қасиеттерін... оның жаратылыстарынан көріп, түсінуге болады” (Римдіктерге 1:20).
^ 7-абзац 2007 жылдың шілдесінде жарық көрген “Ояныңдар!” журналындағы (орысша) “Кімде қарындаш бар?” деген мақаланы қараңыз.