Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Екі полюсті бағындырған поляр қарқылдағы

Екі полюсті бағындырған поляр қарқылдағы

ОСЫ уақытқа дейін поляр қарқылдағының Солтүстіктен Оңтүстік полюске ұшып барар және қайтар жолы 35 200 км деп келген едік. Алайда жақында жүргізілген зерттеулер бұл құстың одан да ұзақ сапар шегетінін көрсетті.

Мұнда қарқылдақтардың көшу жолы түзу емес екенін көруге болады

Зерттеу барысында көп құсқа геолокатор деген кішкентай ғана құрылғы бекітілді. Салмағы түйреуіштей осы құрылғының көмегімен кейбір қарқылдақтардың орта есеппен 90 000 км ұшып өтетіні анықталды. Осы құстар алысқа ұшатын қанаттылардың ішінен бірінші орын алып отыр. Бір қарқылдақ зеңгір аспанда тіпті 96 000 км ұшып өткен! Қарқылдақтардың бұрынғы және қазіргі ұшу қашықтықтарында неге айырмашылық бар дерсіз.

Поляр қарқылдағы өзінің саяхатын қай жерден бастамасын, ол төте жолмен емес, айналма жолмен ұшып барады. Жоғарыдағы суретте құстардың Атлант мұхитының үстімен өтетін әдеттегі жолы бейнеленген. Ол латынның S әрпі пішіндес. Бұлай жолды ұзартудың себебі — құстардың ауа ағындарына ілесе ұшулары.

Поляр қарқылдағы 30 жылдай тіршілік етеді. Осы уақыт аралығында ол 2,4 миллионнан астам шақырым ұшып өтеді. Бұл Айға 3-4 мәрте ұшып барып келумен тең! Бір зерттеуші бұған таңғалып: “Салмағы небәрі 100 грамм болатын құстың соншама қашықтықты бағындыруы — нағыз ерлік”,— деді. Бір еңбекте айтылғандай, поляр қарқылдағы екі полюсте де жаз мезгіліне түсетіндіктен, күн сәулесін жер бетіндегі тіршілік иелерінің бәрінен де көп тамашалайды екен (“Life on Earth: A Natural History”).