Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ерік-жігерің мықты адам болсаң, қатты дауылға төтеп бере аласың

ЖАСТАР ҮШІН

9. Сен қандайсың?

9. Сен қандайсың?

НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Сенің кім екеніңді және қандай екеніңді аты-жөнің мен түр-келбетің ғана емес, құндылықтарың, нанымдарың мен мінез-құлқың анықтайды. Расымен де, сені “сен” ететін — ішкі және сыртқы дүниең.

НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Егер ерік-жігерің мықты адам болсаң, құрбы-құрдастарыңның ырқына беріле салмай, өз ұстанымдарыңда берік тұрасың.

“Көп адам дүкенде тұрған манекендерге ұқсайды: олар не киетінін таңдамайды, олар үшін басқалар шешеді” (Артур).

“Мен тіпті қиынға соққанда да дұрыс нәрсені істеуді үйрендім. Менің нағыз достарым кім екенін олар менің қасымда, ал мен олардың қасында өзімді қалай ұстайтыныма қарап айта аламын” (Алиса).

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Осы заманның өмір салтын үлгі етпеңдер, қайта, ой-саналарыңды жаңартып, түбегейлі өзгеріңдер” (Римдіктерге 12:2).

НЕ ІСТЕЙ АЛАСЫҢ?

Мықты және әлсіз жақтарыңды, сондай-ақ нанымдарыңды саралай отырып, қазір қандай адам екеніңді және болашақта қандай адам болғың келетінін анықтап ал. Мұны төмендегі сұрақтарға жауап беруден бастасаң болады:

Мықты жақтарым: Қандай дарын-қабілеттерім бар? Жақсы тұстарым қандай? (Мысалы: Уақтылы жүретін адаммын ба? Ұстамдымын ба? Еңбекқормын ба? Жомартпын ба?) Мен қандай игі істер жасаймын?

КЕҢЕС: Өзіңнің жақсы тұстарыңды айту қиын болды ма? Онда ата-анаңнан я сенім артатын досыңнан сенің қандай мықты жақтарыңды және қай кезде байқағанын сұрап көр.

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Әркім өз іс-әрекетін тексерсін, сонда өзін басқалармен салыстырмай, өз істеріне қуанады” (Ғалаттықтарға 6:4).

Әлсіз жақтарым: Түзетуім керек қандай осал тұстарым бар? Әсіресе қай кезде азғырылуға беріліп қаламын? Қай жағынан көбірек ұстамдылық дамытуым керек?

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Егер күнәсізбіз десек, өз-өзімізді алдағанымыз және бізде шындықтың болмағаны” (Жоханның 1-хаты 1:8).

Нанымдарым: Қандай өнегелік нормаларын ұстанамын және неге? Құдайға сенемін бе? Құдайдың бар екеніне қандай дәлел көзімді жеткізеді? Қандай іс-әрекетті әділетсіздік деп есептеймін және неге? Болашаққа деген көзқарасым қандай?

КИЕЛІ КІТАП КЕҢЕСІ: “Саналылық сені аман сақтайды, Парықтылық сені қорғайды” (Нақыл сөздер 2:11).