Отбасына деген сый-құрмет қайда қалды?
ОТБАСЫН ҚҰРМЕТТЕУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?
Бір-біріне құрмет көрсететін болса, отбасы тату-тәтті болады. Мұндай ортада күйеуі де, әйелі де, балалары да өздерін жайлы сезініп, көңілдері тыныш болады.
-
“Некені бақытты ететін жеті қағида” деген кітапта айтылғандай, бір-бірін құрметтейтін ерлі-зайыптылар анда-санда үлкен бір ерлік жасап қоюмен шектелмейді, олар бір-бірін жақсы көретіндерін кішігірім істерімен күн сайын көрсетеді.
-
Зерттеулер көрсеткендей, басқаларға құрмет танытудың не екенін біліп өскен бала өзінің қадір-қасиетін біледі, ата-анасымен жақсы тіл табысады және эмоциялық, психикалық жағынан тұрақты болады.
БЫЛАЙ ЕТІП КӨРІҢІЗ
Отбасыңызбен ақылдасып, келісіп алыңыз. Біріншіден, үй ішіндегілердің бәрі құрмет көрсетудің не екенін анық түсіну керек. Екіншіден, үйдегілердің не істегені дұрыс, ал не істегені орынсыз болады — соны жазып қойыңыздар. Үшіншіден, осы орайда отбасы болып қабылдаған шешімдеріңізді бірге отырып талқылаңыздар. Сонда өздеріңіз де, балаларыңыз да бір-біріңізге қалай құрмет танытқан дұрыс екенін білетін боласыздар.
Өзіңіз үлгі көрсетіңіз. Үй ішіндегілер қателік жасағанда, кемшіліктерін бетіне басасыз ба? Ой-пікірлерін айтқанда, келеке етесіз бе? Сөйлеп жатқанда, оларды тыңдамай, сөзін бөлесіз бе?
Кеңес: Жұбайым мен балаларым құрмет көрсетуіме өздері лайық болуы керек деп емес, оларға құрмет көрсетуге өзім міндеттімін деп санаңыз.
Келіспесеңіз де, құрмет көрсетіңіз. Бір нәрсеге көңіліңіз толмағанда, “сен өмірі сөйтесің” деген сияқты сөздерден аулақ болыңыз. Себебі мұндай сөздер ауыр тиеді әрі түймедей қиындықты түйедей етеді.
БІЗДІҢ ҚОСЫП ЖҮРГЕН ҮЛЕСІМІЗ
“Отбасының сәні — сыйластық” болғандықтан, Ехоба куәгерлері отбасының әрбір мүшесін бір-бірін сыйлауға шақырады. Олар бұл тақырыпта көптеген мақалалар, кітаптар, кітапшалар мен видеолар шығарған және олардың бәрі тегін.
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮШІН. “Отбасыңыз берекелі болсын” топтамасындағы кеңестерді қолданар болса, ерлі-зайыптылар...
-
бір-бірін ден қойып тыңдайды
-
тырысып қалудан, үндемей қоюдан аулақ болады
-
бір-бірімен сөз таластырып, айтыспайды
(jw.org сайтында іздеу жолағына “Отбасыңыз берекелі болсын” деп теріңіз.)
АТА-АНАЛАР ҮШІН. “Отбасыңыз берекелі болсын” топтамасындағы кеңестердің көмегімен ата-аналар балаларын көп нәрсеге үйрете алады. Мысалы:
-
тілалғыш болуға
-
үй тірлігіне көмектесуге
-
“өтінемін”, “рақмет” деп айтуға
(jw.org сайтында іздеу жолағына “Бала тәрбиесі” және “Жасөспірім тәрбиесі” деп теріңіз.)
“Отбасы жарасымының 12 құпиясы” деп аталатын 2018 жылғы “Ояныңдар!” журналының № 2 санын да қараңыз (jw.org сайтында іздеу жолағына осы журналдың атауын теріңіз).
ЖАСТАР ҮШІН. jw.org сайтындағы “Жастар” деген бөлімде көптеген мақалалар, видеолар мен жұмыс парақтары бар. Ондағы кеңестердің арқасында жастар...
-
ата-анасымен және бауырларымен жақсы тіл табыса алады
-
үйдегі тәртіппен келіспегенде, ата-анасына құрметпен сөйлей алады
-
ата-анасының сеніміне ие бола алады
(jw.org сайтында іздеу жолағына “Жастар” деп теріңіз.)
jw.org сайтын барлық адам тегін пайдалана алады. Тіркелудің және жеке мәлімет берудің қажеті жоқ.