Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ПЕРІШТЕЛЕР. ОЛАР ТУРАЛЫ БІЛУ НЕГЕ МАҢЫЗДЫ?

Адамның қорғаушы періштесі бар ма?

Адамның қорғаушы періштесі бар ма?

Киелі кітап әрбір адамның пәле-жаладан сақтап жүретін періштесі бар деп үйретпейді. Рас, Иса бірде: “Байқаңдар, осы кішілердің [Мәсіхтің шәкірттерінің] бірде-біреуін менсінбей жүрмеңдер! Сендерге мынаны айтамын: олардың періштелері көктегі Әкемнің жүзін әрдайым көріп тұрады”,— деген (Матай 18:10). Бірақ Иса мұнда әр адамның қорғаушы періштесі болады дегісі келмеген. Ол жай ғана періштелердің әрбір шәкірт үшін қам жейтінін айтқан. Құдайдың шынайы қызметшілері періштелер қорғайды екен деп, өмірлерін қатерге тігуден аулақ.

Сонда періштелер адамдарға көмектеспей ме? Жоқ, олай емес (Зәбүр 91:11). Кейбіреулер кіріспе мақалада сөз етілген Кеннет сияқты, Құдайдың періштелер арқылы қорғап, бағыт беретініне нық сенеді. Бұл дұрыс та шығар, кесіп ештеңе айта алмаймыз. Ехоба куәгерлері періштелердің уағыздау ісіне қолдау көрсетіп жатқанын жиі байқайды. Бірақ періштелер көзге көрінбейтіндіктен, жекелеген адамдарға көмектесу үшін Құдай оларды нақты қалай, қашан қолданатынын біле алмаймыз. Алайда бір нәрсені нақты айта аламыз: Құдіреті шексіз Құдайға кез келген көмегі үшін алғыс айтсақ, еш қателеспейміз (Қолостықтарға 3:15; Жақып 1:17, 18).