Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Қайда қарасаң да — жеккөрушілік құрбандары

Қайда қарасаң да — жеккөрушілік құрбандары

Жеккөрушілік әлемді қауіпті індеттей жайлап барады.

Жаңалықтар мен әлеуметтік желілерде жеккөрінішке бой алдырған адамдардың әрекеті жайлы жиі естіп-көріп жүрміз. Басқаларға деген өшпенділігін олар сөзімен, хатымен, ауыр қылмыстарға баруымен көрсетіп жатыр. Бөлектеп-алалау, келеке ету, қорлық сөздер айту, қорқытып-үркіту, өзгенің мүлкін бүлдіру сияқты әрекеттердің қисабы жоқ. Адамдар адамшылықтан ада болып бара жатқандықтан, жеккөрушілік құрбандары көбеймесе, азаймай тұр.

Бұл журналда жеккөрушіліктің шеңберінен қалай шығуға болатыны түсіндірілген. Жеккөрушіліктен арылу — арман емес, ақиқат. Өйткені жержүзінде миллиондаған адам осы жағымсыз сезімнен арыла алған.