Құдай Патшалығы келгенде, не құрдымға кетеді?
“Осы дүние мен оның қалауы өтеді де кетеді, ал Құдайдың еркін орындаушы мәңгі өмір сүреді” (ЖОХАННЫҢ 1-ХАТЫ 2:17).
ӘНДЕР: 134, 24
1, 2. а) Осы зұлым дүние қай жағынан өлім жазасына кесілген қылмыскерге ұқсайды? (Мақаланың басындағы суретті қараңыз.) ә) Зұлым дүние жойылғаннан кейін, көктегі мен жердегілердің бәрі қандай ойда болады?
МЫНА жайтты елестетіп көріңізші. Түрменің дәлізімен өте қауіпті қылмыскерді ертіп келе жатқан күзетшілер: “Өлік келе жатыр!”— деп айғайлауда. Олардың бұл сөзі нені білдіреді? Қылмыскер тірі және он екі мүшесі сау көрінгенмен, ол өлім жазасына кесілген. Сондықтан қылмыскерді өлік деуге болады *.
2 Қандай да бір мағынада осы зұлым дүние өлім жазасына кесілген әлгі қылмыскерге ұқсайды. Бұл дүниеге әлдеқашан үкім шығарылып қойылған, әрі ол жүзеге асуға шақ тұр. Киелі кітапта: “Осы дүние өтеді де кетеді”,— делінген (Жоханның 1-хаты 2:17). Осы заманның құритынына еш күмән жоқ. Алайда бұл дүниенің жойылуы мен жаңағы қылмыскердің үкімінің арасында маңызды бір айырмашылық бар. Кейбіреулер қылмыскерге шығарылған үкімнің әділ болғанына шек келтіруі не тіпті оны жазадан босатар деген үмітпен бас көтеруі мүмкін. Ал осы дүниеге шығарылған үкімге келсек, Ехоба ең әділ Төреші болғандықтан шешімі өте әділ (Мұсаның 5-жазбасы 32:4). Бұл жаза ешқашан кейінге шегерілмейді. Осы дүние жойылғаннан кейін, көктегі және жердегі жаратылыстардың бәрі Ехобаның үкімі дұрыс болғанымен толықтай келіседі. Сол кезде неткен жеңілдік болады десеңізші!
3. Құдай Патшалығы келгенде, қандай төрт нәрсе құрдымға кетеді?
3 “Өтетін де кететін дүниеге” не жатады? Бұған бүгінде көпшілік өмірдің ажырамас бөлігі деп есептейтін жаманшылықтар жатады. Олардың бәрі жуырда құрып жоқ болады. Осыны “Патшалық жайлы ізгі хабардың” бір қыры деуге болады (Матай 24:14). Бұл мақалада Құдай Патшалығы келгенде құрдымға кететін төрт нәрсені қарастырамыз. Олар: зұлым адамдар, бүлінген ұйымдар, жаман істер және жағымсыз жағдайлар. Осылардың әрқайсысын қарастырғанда, мына жайттарға тоқталып өтеміз: 1) олар бізге қалай кесірін тигізуде? 2) Ехоба не істемек? 3) Құдай олардың орнын немен алмастырады?
ЗҰЛЫМ АДАМДАР
4. Зұлым адамдар бізге қалай кесірін тигізуде?
4 Зұлым адамдар бізге қалай кесірін тигізуде? Елші Пауыл соңғы күндері “ерекше қиын уақыт” болатынын айтқан. Сосын артынан: “Зұлымдар мен алаяқтар бұрынғыдан бетер жамандық жасайды”,— деп қосқан (Тімөтеге 2-хат 3:1—5, 13). Осы пайғамбарлық сөздердің орындалып жатқанын көріп жүрсіз бе? Көбіміз қатыгез бұзақылар, ұлтшылдар, жауыз қылмыскерлер сияқты зұлым адамдардың қолынан жапа шеккенбіз. Олардың кейбірі қара істерін ашықтан-ашық жасайды. Ал өзгелері жұртқа жақсылық істегенсиді, бірақ шын мәнінде алаяқтық жасайды. Жеке басымыз осындай залымдардың құрбаны болмасақ та, олардың кесірі бізге тимей қоймайды. Балаларға, қариялар мен қорғансыз жандарға қандай жауыздық істеліп жатқанын естігенде, төбе шашымыз тік тұрады. Зұлым адамдар хайуанға, тіпті жындарға тән рух танытады (Жақып 3:15). Бірақ, бір қуантарлығы, Ехобаның Сөзі көңілімізде үміт отын жағады.
5. а) Зұлым адамдарда әлі де қандай мүмкіндік бар? ә) Теріс жолдан қайтқысы келмейтіндермен не болады?
5 Ехоба не істемек? Дәл қазіргі уақытта Ехоба зұлым адамдарға өзгеруге мүмкіндік беріп отыр (Ишая 55:7). Осы дүние үкімге кесілгенмен, зұлымдарға, жеке алғанда, әлі соңғы шешім шығарылған жоқ. Теріс жолдан қайтпай, зор алапат басталғанға дейін мына әлемнен ажырағысы келмейтіндермен не болмақ? Ехоба жер бетін зұлымдардан біржолата тазартатынын уәде етеді (Зәбүр 37:10 оқыңыз). Бүгінде көп адамдар сұм істерін ың-шыңсыз жасайтындықтан, жиі жазадан жалтарып жатады (Әйүп 21:7, 9). Бірақ Киелі кітапта мынадай ескерту бар: “Құдай адамның жолдарын бақылап отырады, Әрбір қадамы оның көз алдында. Жамандық жасаушылар одан Қараңғы жерде де, қара түнекте де жасырына алмайды” (Әйүп 34:21, 22). Демек, Ехоба Құдайдан жасырынып қалу мүмкін емес. Залымдардың істері оның өткір жанарынан тыс қалмайды. Армагеддоннан кейін зұлымдардың бұрынғы тұрған жеріне қараймыз, бірақ еш таппаймыз. Олар мәңгілікке құрып кетеді! (Зәбүр 37:12—15).
6. Зұлымдардың орнын кім басады және мұны неге ізгі хабар деуге болады?
37-нші Зәбүр жырында жүрекке жылы тиетін мынадай уәде береді: “Момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі”. Кейінірек дәл осы тараудан: “Әділдер жерді мұра етеді, Онда мәңгі бақи өмір сүреді”,— деген сөздерді оқимыз (Зәбүр 37:11, 29). Мұндағы “момындар” мен “әділдер” кімдер? Момындар — Ехобаның тәлімі мен басшылығын кішіпейілділікпен қабыл алатын адамдар. Ал әділдер — Құдайдың көз алдында дұрыс нәрсені істеуді жақсы көретіндер. Мына дүниеде зұлымдардың саны әділдерден асып түседі. Бірақ жаңа дүниеде тек қана момындар мен әділдер өмір сүріп, жерді пейіш бағына айналдырады!
6 Зұлымдардың орнын кім басады? ЕхобаБҮЛІНГЕН ҰЙЫМДАР
7. Бүлінген ұйымдар бізге қалай кесірін тигізуде?
7 Бүлінген ұйымдар бізге қалай кесірін тигізуде? Дүниені жайлаған зұлымдықтың басым көбісі жекелеген адамдардың емес, ұйымдардың қолымен жасалуда. Мысалы, діни ұйымдарды алсақ, олар миллиондаған адамдарды алдап келеді. Олар Құдайдың кім екені туралы өтірік айтады, Киелі кітапқа сенім артуға болмайды дейді, сондай-ақ жер мен адамзаттың болашағы жайында шындықты айтпайды. Ал бүлінген үкіметтер соғыс отының тұтануына, ұлтаралық қақтығыстарға, кедейлер мен қорғансыздардың жәбір көруіне түрткі болуда. Мұндай үкіметтер алалаушылықтың не жемқорлықтың арқасында байып, күшейе түсуде. Ашкөз корпорациялар мен компаниялар болса қоршаған ортаны ластап, табиғи ресурстарды құртуда. Сондай-ақ бірнеше адамды байыту үшін олар ақкөңіл тұтынушыларды тонап, тақырға отырғызып кетіп жатыр. Дау жоқ, дүниедегі қасіреттің басым көпшілігіне бұзылған ұйымдар жауапты.
8. Киелі кітапқа сай, бүгінде көпшілікке мығым көрінген ұйымдармен не болмақ?
8 Ехоба не істемек? Зор алапат саяси күштердің барлық жалған діни ұйымдарға, яғни Киелі кітапта Ұлы Бабыл деп аталған жезөкшеге, қарсы шабуылдауымен басталады (Аян 17:1, 2, 16; 18:1—4). Бұл діни ұйымдар толықтай жойылады. Ал өзге бүлінген ұйымдар жайлы не деуге болады? Бүгінде көпшіліктің көзінде берік те мығым көрінетін көптеген ұйымдар Киелі кітапта таулар мен аралдарға теңелген (Аян 6:14 оқыңыз). Бірақ Құдай Сөзінде үкіметтер мен оларға тәуелді ұйымдардың бәрінің іргетасы шайқалатыны алдын ала айтылған. Осы дүниедегі үкіметтер және оларға қосылып Құдай Патшалығына қарсы шыққандардың бәрі жойылған кезде, зор алапат өзінің шарықтау шегіне жетеді (Еремия 25:31—33). Содан кейін бүлінген ұйымдар атымен болмайды!
9. “Жаңа жер” жақсылап ұйымдасқан қоғам болатынына неге сенімді бола аламыз?
9 Бүлінген ұйымдардың орнын не басады? Армагеддоннан соң жер бетінде қандай да бір ұйым бола ма? Киелі кітапта: “Біз оның уәдесіне сай, әділдік орнайтын жаңа аспан мен жаңа жерді күтудеміз”,— делінген (Петірдің 2-хаты 3:13). Ескі аспан мен жер бүлінген үкіметтерді және олардың қол астындағы адамзат қоғамын білдіреді. Бұлар құрып жоқ болғанда, орнын не басады? “Жаңа аспан мен жаңа жер”. Мұндағы “жаңа аспан” жаңа үкіметке, яғни Иса Мәсіх пен онымен бірге билік ететін 144 000-нан құралған Патшалыққа нұсқайды. Ал “жаңа жер” осы Патшалықтың қол астындағы жаңа адамзат қоғамын білдіреді. Иса мен қасындағы билеушілер тәртіптің Құдайы Ехобаға кемелді түрде еліктейтін болады (Қорынттықтарға 1-хат 14:33). Демек, “жаңа жер” жақсылап ұйымдасқан қоғам болмақ. Ол кезде жер бетінде істің бәрін қолға алатын жақсы ер кісілер болады (Зәбүр 45:16). Олар Мәсіх пен 144 000-ның басшылығына сай әрекет етеді. Қазіргі бүлінген күллі ұйымдардың орнына жалғыз, бірлігі бекем әрі ешқашан бұзылмайтын ұйым келетін кезді елестетіп көріңізші!
ЖАМАН ІСТЕР
10. Сіздің аумағыңызда қандай жаман істер белең алған және бұл өзіңізге, отбасыңызға қалай әсер етуде?
10 Адамдардың жаман істері бізге қалай кесірін тигізуде? Біз өнегесіздік, арамдық пен зорлық-зомбылық белең алған әлемде өмір сүріп жатырмыз. Осы дүниедегі көңіл көтеру түрлері мұндай нәрселерді тартымды етіп көрсетеді, ал Ехобаның дұрыс пен бұрысқа қатысты нормаларын күлкі-мазаққа айналдырады (Ишая 5:20). Әсіресе ата-аналарға балаларын осындай жаман ықпалдан қалқалау үшін жанталасуға тура келеді. Жалпы, шынайы мәсіхшілердің бәрі де Құдайдың нормаларын аяқасты ететін ортада мінсіздіктерін сақтау үшін аянбай күресуге мәжбүр.
11. Ехобаның Содом мен Ғомораны жазаға тартқанынан не білеміз?
11 Ехоба не істемек? Ол Содом мен Ғомора қалаларында жайлаған зұлымдықпен не істегенін көрейік (Петірдің 2-хаты 2:6—8 оқыңыз). Әділ кісі болған Лұт пен оның үй іші айналасындағы адамдардың жасап жатқан зұлым іс-әрекеттерін көріп, жан азабына түскен. Ехоба зұлымдыққа тосқауыл қою үшін сол өңірді түгелімен жойып жіберді. Ол жойып қана қоймай, “құдайсыздармен болашақта не болатынын мысалмен көрсетті”. Ехоба сол заманда азғын істердің түбіне қалай балта шапқан болса, осы дүниені жойғанда да солай етеді.
12. Осы дүние жойылғаннан кейін, қандай істермен шұғылданғыңыз келеді?
12 Жаман істердің орнын не басады? Жаңа дүниеде өміріміз қыз-қыз қайнаған қуанышты істерге толы болады. Мысалы, жер шарын жұмаққа айналдырып, өзімізге және жақындарымызға арнап үйлер саламыз. Сондай-ақ қайта тірілген миллиондаған адамды қарсы алып, оларға Ехоба туралы және оның адамзат үшін жасаған істері жайлы үйретеміз (Ишая 65:21, 22; Елшілердің істері 24:15). Сол кезде көңілімізге рақат сыйлайтын әрі Ехобаны мадаққа бөлейтін істерден қол үзбейміз!
ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҒДАЙЛАР
13. Едемде шыққан бүліктің салдары қандай болып отыр?
13 Жағымсыз жағдайлар бізге қалай кесірін тигізуде? Дүниені зұлым адамдар, бүлінген ұйымдар мен жаман істер жайлағандықтан, өмір сүру жағдайымыз нашарлап кеткен. Арамызда соғыстың, жоқшылық пен ұлтшылдықтың оты шарпымаған жан жоқ шығар. Ал ауру мен өлім ше? Бұлардың да ешкімді айналып өтпейтіні хақ. Бұл жағымсыз жағдайлар үш зұлым тұлғаның — Шайтан, Адам мен Хауаның — Құдайға қарсы шығарған бүлігінің тікелей салдары болып отыр. Бәріміз де сол бүліктің зардабын тартып жатырмыз.
14. Ехоба жағымсыз жағдайлармен не істейді?
Зәбүр 46:8, 9 оқыңыз). Құдай ауру атаулыны да құртады (Ишая 33:24). Ал өлім ше? Оны мәңгілікке жоқ қылады (Ишая 25:8). Кедейліктің де тамырына балта шабады (Зәбүр 72:12—16). Ол бүгінде адамның өмірін көмір етіп жатқан басқа да жағымсыз жайттардың бәрін жер бетінен аластатады. Ол тіпті Шайтан мен жын-перілердің жаман ықпалын жояды! (Ефестіктерге 2:2).
14 Ехоба не істемек? Мысалы, соғысты алсақ, Ехоба оны біржолата жоюды уәде етеді (15. Армагеддоннан соң біржола құритын жайттардың кейбірі қандай?
15 Соғыс, ауру-сырқау мен өлім болмайтын өмірді елестетіп көріңізші! Әскери күштер, қару-жарақтар мен соғыс құрбандарына арналған ескерткіштер деген атымен болмайды. Ауруханалар, дәрігерлер, медбикелер, мәйітханалар мен зираттарды мүлдем керек етпейміз. Қылмыс болмайтындықтан, полиция қызметкерлері, қауіпсіздік дабылдары, бәлкім, құлып пен кілттің де түкке қажеті болмайды! Бізді жантыныштығынан айыратын осындай мазасыз жайттардың бәрі түпкілікті жойылады.
16, 17. а) Армагеддоннан аман өтетіндер не сезінетін болады? ә) Осы дүние жойылғанда аман қалу үшін не істеуіміз керек?
16 Жанға бататын жағдайлар құрып жоқ болғанда, өмір қандай болмақ? Мұны елестетудің өзі қиын. Осындай жағымсыз ортада ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқандықтан, оларға етіміз үйреніп, бізге қаншалықты ықпал ететінін сезбей де қалуымыз мүмкін. Мысалы, темір жолдың бойында тұратындардың пойыз дыбысына біртіндеп құлақтары үйреніп кетуі мүмкін. Немесе қоқыстың жанында тұратындар уақыт өте келе оның иісін сезбей қалатын шығар. Ал Ехоба жағымсыз жайттардың бәрін жойғанда, көңіліміз қалай жай табады десеңізші!
17 Қазір еңсемізді жаншыған осы жайттардың орнын не басады? Мұның жауабын Зәбүр 37:11-ден табамыз: “[Момындар] керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі”. Ехобаның бізге осыны тілейтінін білгеніміз жанымызды жадыратады емес пе?! Олай болса, осы қиын-қыстау күндері Ехоба мен оның ұйымына етене жақын болып қалу үшін еш аянбаңыз. Асыл үмітіңізді бағалап, ол жайында терең ойланып-толғаныңыз, оны жалындатып, басқалармен де бөлісіңіз (Тімөтеге 1-хат 4:15, 16; Петірдің 1-хаты 3:15). Сонда осы дүниенің соңы келгенде, аман қалып, мәңгі бақи бақытты боласыз!
^ 1-абзац Бұл абзацта осыдан көп жыл бұрын Құрама Штаттардың кей жерлеріндегі түрмелерде орын алған үрдіс жайлы айтылып тұр.