Құмар ойындарды ойнау күнә ма?
Киелі кітаптың жауабы
Жалпы Киелі кітапта құмар ойындар көп сөз етілмейді. Десе де Киелі кітаптағы қағидаларды мұқият қарастырсақ, Құдай құмар ойындарды күнә санайтын көруге болады a (Ефестіктерге 5:17).
Құмар ойынға адамды ашкөздік итермелейді, ал ашкөздікті Құдайдың жаны жаратпайды (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10; Ефестіктерге 5:3, 5). Құмар ойыншылар басқалардың жоғалтқан ақшасын иемденуге үміттенеді. Бірақ Киелі кітапта басқа біреудің меншігін қалау дұрыс емес екені айтылады (Мұсаның 2-жазбасы 20:17; Римдіктерге 7:7; 13:9, 10).
Тіпті азын-аулақ ақшаға ойнаудың өзі құрдымға жетелейтін ақшақұмарлық сезім оятуы мүмкін (Тімөтеге 1-хат 6:9, 10).
Құмар ойыншылар жиі ырымшылдыққа я сәттілікке үміт артады. Алайда бұл шынайы ғибадатқа қайшы келеді, өйткені Құдай мұндай нанымдарды пұтқа табынудың бір түрі ретінде қарастырады (Ишая 65:11).
Киелі кітаптағы кеңестер “алма піс, аузыма түс” деген қағидамен өмір сүрудің орнына аянбай еңбек етуге шақырады (Уағыздаушы 2:24; Ефестіктерге 4:28). Бұған құлақ асқандар “өз нандарын өздері тауып жей” алады (Салоникалықтарға 2-хат 3:10, 12).
Құмар ойындар бақталастық рухын өршітеді. Ал Киелі кітап мұны еш құптамайды (Ғалаттықтарға 5:26).
a Құмар ойындар Киелі кітаптың бір жерінде ғана сөз етіледі: пайда көздеген сарбаздар Иса пайғамбардың киімдерін бөлісу үшін, өзара “жеребе тастаған” (Матай 27:35; Жохан 19:23, 24).