Мазмұнға өту

Мәсіх жайлы пайғамбарлықтар Исаның Мәсіх болғанын дәлелдей ме?

Мәсіх жайлы пайғамбарлықтар Исаның Мәсіх болғанын дәлелдей ме?

Киелі кітаптың жауабы

 Иә. Киелі кітапта “құтқарушы ретінде дүниеге жіберілген” “Мәсіх Көсем” жайында көптеген пайғамбарлық жазылған (Даниял 9:25; Жоханның 1-хаты 4:14). Иса пайғамбар жерде болғанда соларды орындады. Тіпті өлген соң да, ол Мәсіх жайлы пайғамбарлықтарды орындай берді (Зәбүр 110:1; Елшілердің істері 2:34—36).

 “Мәсіх” сөзі нені білдіреді?

 “Мәсіх” сөзі еврейдің “машиах”, ал гректің “христос” деген сөзінен шыққан. Екеуі де “майланған” дегенді білдіреді. Сондықтан “Иса Мәсіх” деген — “Иса майланған” деген сөз.

 Киелі кітап жазылып жатқан заманда біреуді арнайы бір билікке тағайындағанда, оның басына май құятын (Мұсаның 3-жазбасы 8:12; Самуилдің 1-жазбасы 16:13). Құдай Исаны Мәсіх болуға тағайындады, бұл дегеніміз — Құдай оған орасан зор билік берді (Елшілердің істері 2:36). Бірақ Құдай Исаны маймен емес, киелі рухпен майлады (Матай 3:16).

 Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтарды бір емес, бірнеше адам орындауы мүмкін бе?

 Жоқ. Саусақ ізі бір ғана адамға жеке куәлік бола алатыны сияқты, Киелі кітаптағы Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтар да бір ғана адамның өмірінде орындалу керек. Алайда Киелі кітапта мынадай ескерту жазылған: “Жалған мәсіхтер мен жалған пайғамбарлар шығып, мүмкін болса, тіпті Құдай таңдап алғандарды адастыру үшін ғаламат белгілер мен кереметтер көрсетеді” (Матай 24:24).

 “Мәсіх әлі келген жоқ” деу дұрыс па?

 Жоқ. Киелі кітапта Мәсіх Исраилдің патшасы Дәуіттің үрім-бұтағынан шығатыны алдын ала жазылған (Зәбүр 89:3, 4). Алайда б. з. 70 жылы римдіктер Иерусалимді жаулап алғанда, Дәуіттің шежіресін анықтауға көмектесетін яһудилердің шежіре жазбалары жойылып кеткенге ұқсайды a. Сол уақыттан бастап ешкім өзінің Дәуіт патшаның әулетіне жататынын дәлелдей алмайды. Бірақ Исаның кезінде бұл шежіре жазбалар әлі бар еді. Сондықтан тіпті Исаның жаулары оның Дәуіттің ұрпағынан шыққанын жоққа шығара алмаған (Матай 22:41—46).

 Киелі кітапта Мәсіхке қатысты қанша пайғамбарлық бар?

 Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтың нақты санын айту мүмкін емес. Бұның себебі — тіпті тікелей Мәсіхке қатысы бар пайғамбарлықты әркім әрқалай санайды. Мысалы, Ишая 53:2—7 Мәсіхке қатысты пайғамбарлықтың бірнеше тұстары жазылған. Кейбіреулер соны бір пайғамбарлық деп есептесе, басқа біреулер оларды бөлек-бөлек санайды.

 Иса орындаған Мәсіх жайлы кейбір пайғамбарлықтар

Пайғамбарлық

Жазылған жері

Орындалуы

Ыбырайымның ұрпағы

Мұсаның 1-жазбасы 22:17, 18

Матай 1:1

Ыбырайым ұлы Ысқақтың ұрпағы

Мұсаның 1-жазбасы 17:19

Матай 1:2

Яһуда руынан шығады

Мұсаның 1-жазбасы 49:10

Матай 1:1, 3

Дәуіт патшаның тұқымынан шығады

Ишая 9:7

Матай 1:1

Пәк қыздан туылады

Ишая 7:14

Матай 1:18, 22, 23

Бетлехемде туылады

Миха 5:2

Матай 2:1, 5, 6

Еммануил b деген ат қойылады

Ишая 7:14

Матай 1:21—23

Қарапайым бастама

Ишая 53:2

Лұқа 2:7

Ол туылған соң кішкентай балалар өлтіріледі

Еремия 31:15

Матай 2:16—18

Мысырдан шақырып алады

Ошия 11:1

Матай 2:13—15

Назареттік c деп атайды

Ишая 11:1

Матай 2:23

Оның алдында хабаршы жіберіледі

Малахи 3:1

Матай 11:7—10

Б. з. 29 жылы d Мәсіх болып майланады

Даниял 9:25

Матай 3:13—17

Құдай оны “Ұлым” деп атайды

Зәбүр 2:7

Елшілердің істері 13:33, 34

Құдайдың үйіне ерекше құлшыныс танытады

Зәбүр 69:9

Жохан 2:13—17

Ізгі хабарды жариялайды

Ишая 61:1

Лұқа 4:16—21

Ғалилеядағы қызметі ғаламат нұр іспетті болады

Ишая 9:1, 2

Матай 4:13—16

Мұса сияқты кереметтер жасайды

Мұсаның 5-жазбасы 18:15

Елшілердің істері 2:22

Мұса сияқты Құдайдың атынан сөйлейді

Мұсаның 5-жазбасы 18:18, 19

Жохан 12:49

Көп ауруларды сауықтырады

Ишая 53:4

Матай 8:16, 17

Өзіне көп назар аудармайды

Ишая 42:2

Матай 12:17, 19

Қаналған адамдарға жаны ашиды

Ишая 42:3

Матай 12:9—20; Марқа 6:34

Құдайды әділдігін көрсетеді

Ишая 42:1, 4

Матай 12:17—20

Керемет кеңесші болады

Ишая 9:6, 7

Жохан 6:68

Ехобаның есімін жариялайды

Зәбүр 22:22

Жохан 17:6

Мысалдап сөйлейді

Зәбүр 78:2

Матай 13:34, 35

Көсем болады

Даниял 9:25

Матай 23:10

Көп адам оған сенбейді

Ишая 53:1

Жохан 12:37, 38

Сүріндіретін тас болады

Ишая 8:14, 15

Матай 21:42—44

Адамдар бас тартады

Зәбүр 118:22, 23

Елшілердің істері 4:10, 11

Себепсіз жек көреді

Зәбүр 69:4

Жохан 15:24, 25

Тайқарға отырып, Иерусалимге салтанатпен кіреді

Зәкәрия 9:9

Матай 21:4—9

Оны балалар дәріптейді

Зәбүр 8:2

Матай 21:15, 16

Ехобаның атынан келеді

Зәбүр 118:26

Жохан 12:12, 13

Жақын досы сатып кетеді

Зәбүр 41:9

Жохан 13:18

30 күміс ақшаға сатылады e

Зәкәрия 11:12, 13

Матай 26:14—16; 27:3—10

Достары тастап кетеді

Зәкәрия 13:7

Матай 26:31, 56

Жалған куәгерлер оған қарсы жалған айғақ береді

Зәбүр 35:11

Матай 26:59—61

Айыптаушылардың алдында үндемейді

Ишая 53:7

Матай 27:12—14

Бетіне түкіреді

Ишая 50:6

Матай 26:67; 27:27, 30

Басынан ұрады

Миха 5:1

Марқа 15:19

Дүре соғады

Ишая 50:6

Жохан 19:1

Ұрып-соққандарға қарсылық көрсетпейді

Ишая 50:6

Жохан 18:22, 23

Оған қарсы шығу үшін билеушілер бірігеді

Зәбүр 2:2

Лұқа 23:10—12

Бағанаға аяқ-қолдары шегемен қағылады

Зәбүр 22:16

Матай 27:35; Жохан 20:25

Жұрт оның киімі үшін жеребе тастайды

Зәбүр 22:18

Жохан 19:23, 24

Оны қылмыскер деп санайды

Ишая 53:12

Матай 27:38

Оған тіл тигізіп, қорлайды

Зәбүр 22:7, 8

Матай 27:39—43

Күнәкар адамдар үшін азап шегеді

Ишая 53:5, 6

Петірдің 1-хаты 2:23—25

Құдай оны тастап кеткендей сезінеді

Зәбүр 22:1

Марқа 15:34

Сіркесу мен ащы нәрсе береді

Зәбүр 69:21

Матай 27:34

Тура өлер алдында шөлдейді

Зәбүр 22:15

Жохан 19:28, 29

Өз жанын өлімге қияды

Ишая 53:12

Марқа 15:37

Күнәдан арылту үшін төлем береді

Ишая 53:12

Матай 20:28

Сүйегі сындырылмайды

Зәбүр 34:20

Жохан 19:31—33, 36

Түйреледі

Зәкәрия 12:10

Жохан 19:33—35, 37

Байлардың арасына жерленеді

Ишая 53:9

Матай 27:57—60

Өлімнен қайта тіріледі

Зәбүр 16:10

Елшілердің істері 2:29—31

Сатқынның орнын басқа біреу басады

Зәбүр 109:8

Елшілердің істері 1:15—20

Құдайдың оң жағында отырады

Зәбүр 110:1

Елшілердің істері 2:34—36

a “Макклинток пен Стронгтың” энциклопедиясында былай делінген: “Яһуди рулары мен әулеттері жазылған шежірелер Иерусалим күйрегенге дейін емес, дәл күйреген кезде жойылып кеткені күмән тудыра қоймайды”.

b Еврейдің Еммануил деген аты “Құдай бізбен бірге” дегенді білдіреді. Бұл Исаның Мәсіх ретіндегі рөлін тура сипаттайды. Исаның жер бетіне келгені, жасаған істері Құдай өз қызметшілерімен бірге екенін дәлелдеді (Лұқа 2:27—32; 7:12—16).

c “Назареттік” деген атау еврейдің “өскін” дегенді білдіретін “нецер” сөзінен шықса керек.

d Мәсіхтің б. з. 29 жылы келетініне нұсқайтын Киелі кітап хронологиясы жайында көбірек білу үшін, “Мәсіхтің келуі жайындағы Даниялдың пайғамбарлығы” мақаласын қараңыз.

e Бұл пайғамбарлық Зәкәрия кітабында жазылған, бірақ Киелі кітаптың Матай деген жазушысы оны “Еремия пайғамбар арқылы айтылған” деді (Матай 27:9). Еремия кітабы кейде Жазбалардың “пайғамбарлар жазбалары” деп аталған бөлігінде бірінші тұрғанға ұқсайды (Лұқа 24:44). Сондықтан Матай “Еремия” дегенде, ішінде Зәкәрия кітабы да бар бүкіл сол бөлікке нұсқаса керек.