Дұға қылсам, Құдай көмектесе ме?
Киелі кітаптың жауабы
Иә. Егер адам шын жүректен сұраса әрі сұрағаны Құдайдың ерік-қалауына сай болса, ол көмектеседі. Осыған дейін дұға етіп көрмеген болсаңыз, Құдайдан көмек сұраған адамдардың дұғалары сізге де ой салар. Мысалы:
“Уа, Құдай Ием, маған көмектесші” (Зәбүр 108:26, “Жаңа өмір” баспасы).
“Мен жарлымын, мұқтаждықта жүрмін, Уа, Ием... Қолдаушым да құтқарушым Өзіңсің” (Зәбүр 39:18, “Жаңа өмір” баспасы).
Осы дұғаны айтқан кісінің Құдайға сенімі берік болған. Бірақ Құдай Тағала тек сенімі мықтылардың ғана емес, оған түзу ниетпен сиынғандардың бәрінің үніне құлақ асады. Ол “жүрегі жаралы жандардың”, “сағы сынғандардың” дұғасын естиді (Зәбүр 34:18).
“Сонау заңғар көктегі Құдай менің қиындығымды неғылсын?!” деп ойламаңыз. Өйткені Киелі кітапта: “Ехоба жоғары болса да, кішіпейіл жанды байқайды, Ал тәкаппар адамды маңына жуытпайды”?— делінген (Зәбүр 138:6). Құдай тіпті сіз өзіңіз жайлы білмейтін нәрселерді біледі. Бұл жайында Иса пайғамбар: “Тіпті бастарыңдағы шаштарыңның саны да оған белгілі!”— деп айтқан (Матай 10:30). Енді, осындай Құдай көмек сұрап дұға қылсаңыз, сізге құлақ аспайды деп ойлайсыз ба?! (Петірдің 1-хаты 5:7).