Мазмұнға өту

Суреттер көрмесі. Балалар мультфильмдерді жақсы көреді

Суреттер көрмесі. Балалар мультфильмдерді жақсы көреді

Ехобаның досы бол” деп аталатын бірнеше бөлімнен тұратын мультфильм, әндер және Аян мен Маржан деген анимациялық кейіпкерлер бүгінде өте танымал. Ата-аналар мен балалар мультфильмдерге ризашылықтарын білдіріп хат жазды. Төменде балалардың жазған хаттарынан үзінділер келтірілген:

  • “Сіздерге “Құдайға құлақ асып, батаға кенел” деп аталатын DVD үшін көп рақмет. Мен оны ойыншық қабыланыммен бірге күнде көремін”. (Зак, 5 жаста)

  • “Осы жаңа әннен Ехобаның мені жақсы көретінін көрдім. Ол менің әр уақытта дұға еткенімді қалайды”. (Микария, 6 жаста)

  • “Мен мультфильмнен ата-анамның тілін алып, шашқан нәрселерімді жинап жүруім керектігін білдім. Бізге арнап осындай мультфильм шығарғандарыңызға рақмет”. (Николь, 8 жаста)

  • “Мультфильмдер үшін көп-көп рақмет. Олар өте қызық, өте күшті. Мен оларды жақсы көремін”. (Макензе, 5 жаста)

  • “Маған “Ехобаның досы бол” деген мультфильмдер қатты ұнайды. Мен оларды күнде көремін. Ехобаның сіздерге осындай ой салғаны қандай күшті!” (Ава, 8 жаста)

  • “Мен бұл мультфильмдерді көргенді қатты жақсы көремін. Ондағы барлық әндерді жаттап алуға тырысамын. Мультфильмдерді көргенде, Ехобаны қатты жақсы көріп кетемін”. (Девон, 4 жаста)

  • “Аян туралы келесі мультфильмді асыға күтемін! Жұмыстарыңыз алға баса берсін!” (Ванс, 8 жаста)

Шило, 6 жаста (Австралия)

12-сабақ. Аян мен Маржанның Бетелге баруы

Сиенна, 8 жаста (Австралия)

106-ән. Ехобаның досы болу

Эдуардо, 10 жаста (Бразилия)

13-сабақ. Ехоба саған батыл болуға көмектеседі

Мишель, 11 жаста (Германия)

10-сабақ. Жомарт болып, барыңмен бөліс

Прискила, 8 жаста (Германия)

11-сабақ. Шын жүректен кешір

Мику, 7 жаста (Жапония)

13-сабақ. Ехоба саған батыл болуға көмектеседі

Томоаки, 10 жаста (Жапония)

6-сабақ. Өтіну және рақмет айту

Самуил, 7 жаста (Мексика)

9-сабақ. Ехоба Құдай бәрін жаратты

Адриана, 6 жаста (Құрама Штаттар)

92-ән. “Құдай сөзін уағызда”

Антони, 11 жаста (Құрама Штаттар)

2-сабақ. Ехобаны тыңда