21 ҚАЗАН, 2024
РЕСЕЙ
Наталья Шарапова бауырлас Ресей түрмесінен босатылды
2024 жылдың 10 шілдесінде сотталған Наталья бауырлас үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда үкім шығарылғанға дейін оның тергеу изоляторында екі жылға жуық уақыт жатқаны ескерілгендіктен, Наталья мерзімінен ерте, 2024 жылдың 4 қазанында, Ресей түрмесінен босатылды.
Наталья сот алдында тұрғанда былай деген: “Көптеген адал бауырластарым мені жан-тәндерімен жақсы көреді. Иса: “Менің шәкірттерім екендеріңді жұрттың бәрі өзара сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады”,— деп үйреткен болатын (Жохан 13:35). Менің барлық іс-әрекетіме қозғау болған — дәл осы сүйіспеншілік. Мен осы жолымнан қайтпаймын”.
Ақырында Наталья өз отбасымен қауышты. Ехоба Натальяға және барлық басқа адал қызметшілеріне “айнымас сүйіспеншілігін” көрсете беретініне сенімдіміз (Зәбүр 59:16, 17).